Дала зонасы Қазақстанның
біраз территориясын, яғни республика жер
көлемінің 26 процентінен астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала
зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км – ге
созылған кең алқапты қамтиды, шамамен 54
0
- 50
0
с.е. аралығында орналасқан.
Дала зонасы Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің
солтүстігі, Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың сілемдері, Каспий
маңы ойпатының солтүстік шеті, орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның
солтүстігі және орталық аудандары жатады.Бұл жердің тектоникалық
құрылымы мен геологиялық құрылысы әр түрлі болыа келеді.Орал, Мұғалжар
тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелгі платформаның плиталық жазығынан
тұрады.Мұнда дала ландшафтысын теңіз табанды саз балшықты, борлы
жыныстардың негізінде қалыптасқан. Орал,Мұғалжар тауларының шығысында
жатқан далалар жас платформаның шитті және плиталы жазықтарында
дамыған. Олар теңіздік және құрлықтық жағдайда қабаттасып, қаттасқан лесс
тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтан және сазды жыныстан түзілген.
Жер бедері әр түрлі болып келеді.Тектоникалық құрылымына қарай жер бедері
ойпатты, қыратты, үстіртті болып ажыратылады. Сарыарқада ежелгі таулардың
ұсақ шоқылыжұрнақтары кездеседі. Жер бедерінің барлық деңгейінде де қуаң
және құрғақ континентті климат қалыптасқан. Жазы ыстық және құрғақ келеді,
ал қысы қатаң, қары аз болады. Қаңтардың орташа температурасы 16
0
– 18
0
,
шілде айында солтүстігінде +18 –тан, оңтүстігінде +23
0
– қа дейін
жетеді.Жылына 300 мм- ге дейін жауын – шашын түседі, бірақ мұның мөлшері
солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Климат жағдайлары егін
шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді.
Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл,
Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық
ағысының 80 проценті көктемгі су тасу кезінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы
мен өнеркәсібі дамыған бұл аудандарда су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан
да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар арқылы
пайдаланады.
28
Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркек
шөп, кермек, қаңбақ басым өседі.
Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды
өсімдіктер тараған.Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас,
шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрғақ өседі.
Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір
түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас учаскелерді алып жатады. Дала
өсімдіктерінің арасында дәрі – дәрмектік өсімдіктер де бар.Мысалы, жанаргүл,
шайшөп, итмұрын, дәрілік валериан кездеседі.
Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі
жануарлар кездеседі.Өмір сүретін жерінің түсіне ұқсас келетін жылдам
жүгіретін, әрі тез ұшатын, жылдың қолайсыз мезгілдерінде ұзақ ұйқыға кететін
жануарлардың да түрлері бар.
Дала сүтқоректілеріне саршұнақ, қосаяқ, дала тышқандары, дала
саршұнақтар дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан
барыс, кұзен, ақ тышқан, түлкі кездеседі.
29
Территориясының
ерекшелігіне
қарай
далалық
ландшафт
типі
төмендегіше төрт зонаға бөлінеді.Бұл зона бөліктерінің барлығында да
кешенділік
байқалады.Ландшафтының
құрылымында
шалғынды
–
далалы,далалы, шөлді далалы сортаң жерлер бар.Ландшафт құрылымының
кешенділігі грунт және топырақ қабаттарының ылғал режимі мен тұздылығына
байланысты болып келеді.Олар:
1)Кәдімгі шіріндісі орташа қара топырақты жерлерде әр түрлі шөптесінді
– боз өскен қоңыржай қуаң дала.
Бұлар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан,
Көкшетау,
Павлодар
облыстарының
территориясында
дамыған.Негізінен Жалпы Сырт пен Орал тауы алдындағы денудациялық –
аккумуляциялық
жазықтарда,
Торғай
төрткүлді
өлкесінде,
Көкшетау
қыратының тұғырлы жазығында,Қазақстанға шектес жақын Батыс Сібірдің
ежелгі және қазіргі көлтабанды жазығында қалыптасқын.Беткейлері сай
саламен тілімденген жонды белестер,жазиралы кең жазықтармен алма кезек
алмасып жатады.Климаты қоңыржай қуаң континентті, жылына орта есеппен
310 – 290 мм-дей жауын –шашын түседі.жылу мен ылғал баланысының
қатынасы
құнарлы
қара
топырақтың
қалыптасуына
қолайлы.Өсімдік
жамылғысы
мол
өнім
беретін
әр
түрлі
шөптесін
мен
боздан
құралған.Жануарлар
дүниелері
де
бай.Суыр,сарытышқан,дала
тышқаны,қасқыр,түлкі,дуадақ,бұлдырық,бүркіт,ителгі,қаршыға
сияқтылар
тіршілік етеді.Ландшафтыларының негізгі түрлерін кәдімгі және карбонатты
қара топыраққа өсетін әр түрлі шөптесінді – қызыл бозды өсімдік жамылғысы
тараған саздақтан түзілген көлтабандақ эллювийлі ойпатты жазықтар,кәдімгі
қара топыраққа өскен бұталы- көделі қызыл бозды өсімдік жамылғысы бар
саздақтан түзілген деллювийлі – пролювийлі қыратты жазықтар құрайды.Тұзды
көлдер мен ащы көл маңындағы көл суының тартылуынан түзілген көлтабанды
жазықтарда шалғынды – далалы сортаң мен борықты,қатқылды сор жерлер
тараған.Қарашірігі орташа қара топырақты жердегі әр түрлі шөптесінді боз
өскен қоңыржай қуаң дала егін шаруашылығы дамыған ландшафтыларына
жатады.Шабындықтары мен жайылымдары да баршылық.Оларды аздырмай
халық шаруашылығында тиімді пайдалану үшін үздіксіз жел, су эрозиясына
қарсы шара қолданып отыру керек.
2)Қарашірігі шамалы жерлердегі әр түрлі шөптесінді – бетегелі боз өскен
қуаң дала. Мұндай дала Батыс Қазақстан,Ақтөбе,Торғай,Қостанай,Көкшетау
және Павлодар облыстарының территориясында дамыған.Табиғи ландшафтылы
жер бедерінде саздақтан түзіліп,жон – жон болып келетін қат – қабатты жазық,
саздақ пен саз балшықтан және саздақты – құмайтты жонды төбелі
денудациялық жазық,саздақты – құмайтты сатыланған аллювийлі жазық басым
болады.мұндай жазықтарда шіріндісі шамалы қара топыраққа өсетін әр түрлі
шөптесінді – бозды әр түрлі шөптесінді – қызыл боздан және көдеден тұратын
өсімдік жамылғысы тараған.Ландшафт кешендерінде шалғынды – далалы және
далалы сортаң жерлер жиі кездеседі.Субдоминант типіне жататындар:
байрақты орман шоқтары өскен жыралар мен сайлар,шалғындар және бұталы
суффозиялық ойыстар, тұзды және ащы көлдер маңында тараған борықты және
қатқылды сорлар.Қарашірігі шамалы жердегі әр түрлі шөптесінді – боз өскен
қуаң далада да егістіктің үлесі жоғары 60 процентке дейін жетеді.
3)Күңгірт қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі – боз өскен
қоңыржай
құрғақ
дала.Мұндай
даланың
ірі
массивтерін
Батыс
Қазақстан,Ақтөбе,Торғай,Ақмола,Павлодар облыстарынан көптеп кездестіруге
болады.Табиғи ландшафтыларының әр текті түзілуі биоклимат жағдайына
байланысты едәуір дәрежеде бір деңгейге келген.Климаты қоңыржай құрғақ
континентті,ылғалдану
коэффициенті
0,45
–
0,35.Бұл
өңірдегі
ауыл
шаруашылығында
жарамды
жерге
мыналар
жатады;
лесс
тәрізді
саздақтан,қиыршық тасты саздақтан түзілген құрылымдық, денудациялық,ұсақ
шоқылы делювийлі – пролювийлі жазықтар мен саз балшықтардан түзілген
көлтабандық – аллювийлік жазықтардың күңгірт қызыл қоңыр топырағында
өскен ксрофитті әр түрлі шөптесінді – бетегелі – бозды дала,жыралар мен
көлтабанның қара сулы жайылмасында шалғын, шұрат тартпа сорлар,
қатқылды сортаң дамыған.Күңгірт қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі –
боз өскен қоңыртай құрғақ далалық егінжай, шабындық, жайылым ретінде
пайдаланылады.Жерді тиімді пайдалануға бағытталған шаралар грунт пен
топырақ қабаттарының ылғалы мен құнарын арттыруды қажет етеді.
4)Нағыз қызыл қоңыр топырақты жердегі бозды – бетегелі өскен құрғақ
дала.Бұл зонаның шекарасын жай көзбен ажырату өте қиын.Бақылау кезінде
және андшафтыларын карта бетіне түсіру барысында климатының құрғақ
континенттілігіне сортаңды топырақ үлесінің басымдылығына байланысты
ландшафт құрылымының кешендерінде сораңды сордың кеңінен таралуын,егін
түсімінің
тұрақсыздығы,
топырақ
жамылғысының
жел
эрозиясына
ұшырағыштығын, тпғы басқа ерекшеліктерін байқауға болады.Табиғи
ландшафтылар төмендегіше тізбектеледі:жер бедерінің өзекті қолаттары,
далалы ойыстар,көлшіктер кездесетін саз балшықтан түзілген теңіз табаннды
тегіс жазықтардың нағыз қызыл қоңыр, шалғынды қызыл қоңыр топырақты
жерлеріне өскен бұталы – бозды – бетегелі дала; саздақтан түзілген түйетайлы
абразиялық жазықтардың қызыл қоңыр сортаңды топырақтары мен көл
маңындағы сор басқан жерлеріне өскен жусанды – бетегелі дала мен шалғын;
саздақты жыныстан түзілген жонды – белесті жазықтардың және оларды
тілімденген аңғарлардың, сай – салалардың қызыл – күрең топырақты,
шалғынды топырақты жерлеріне өскен бетегелі көделі даламен шалғын;
құмайтты саздақтан, құмнан түзілген сатылы ежелгі аллювий жазықтар мен
құмды шалғындардың қызыл күрең, карбонатты және құмды топырағына өскен
бұталы, шалғынды дала.
Дала зонасы ландшафтысының Жайық және Ертіс өзендері өңірінде
жасыл желекті болып келетін орманды және шалғынды ландшафтысымен
ерекше көзге түседі.Өзен аңғарларында орманды, шалғынды топырақ
жамылғысы түзіліп, оларға емен, қарағаш, тал, терек ағаштары мен итмұрын,
ырғай сияқты бұталар, бидайық, еркекшөп сияқты дәнді дақылдар мен
шөптесіндер өскен.Мұндағы ағаштар мен бұталар ылғал сақтағыш рөл атқарса,
шөптесінді өсімдіктер шабындық ретінде пайдаланылады.
Жалпы Қазақстан жеріндегі дала ландшафтысы климаттың аймақтық
ерекшелігіне байланысты 4 бөлікке бөлінеді.
1)Қазақстандық Шығыс Еуропа жазығының даласы.Жалпы Сырт
қыратының солтүстік – шығысын, Орал алды және Жем үстірттерінің жонды –
белесті, қат – қабатты денудациясы жазықтары мен Каспий маңы ойпатының
теңіз табанды тегіс аккумуляциялы жазықтарын алып жатыр.Мұнда даланың
барлық дала бөліктері түгел кездеспейді.Ландшафтысы қоңыржай континентті
климат
жағдайында
қалыптасқан.Жауын
–
шашыны
жыл
бойы
біркелкі.сондықтан табиғи ландшафтысы шымды топырақты жерлерге өсетін
дәндә шөптесіннен түзілген.
2)Торғай төрткүлді даласы.Бұл бөлік негізінен Торғай үстіртінің сатылы
төрткүлінде тараған.Торғай даласы теңіздік және континенттік шөгінділерінде
түзілген.
3)Сарыарқа
даласы.Мұнда
дала
зонасының
барлық
бөліктері
дамыған.Мұндағы
ұсақ
шоқылы
тау
жұрнақтарының
тосқауылды
–
орфографиялық әсерінен жауын – шашын молырақ түседі.бұл бөліктегі ұсақ
шоқылы тау жұрнақтарының арасындағы жазықтары түгелдей егістік жер
ретінде пайдаланылады.Оларға дәнді дақылдар егіледі.
4)Қазақстандық Батыс Сібір ойпатының даласы.Бұл дала Батыс Сібір
жазығының оңтүстік бөлігінде тараған.Жер бедері жазық, климаты қоңыржай
континентті, топырағы құнарлы.
30
Достарыңызбен бөлісу: |