2) Торғай үсиіртінің шөлейтті ландшафт аймағы Орал таулары мен Сарыарқа аралығында жатқан, ұдайы қкпек жел соғып тұратын, Торғай қолатында орналасқан . Климат мұнда өте құрғақ, жазда Арал маңын жиі –
жиі аңызақ жел соғып тұрады.Қыста аздаған ғана жерортатеңіздік сипаттағыдай
жауын – шашын түседі.Осыған орай ландшафтының биоұүрамдас бөлігінде
эфемер мен эфемероидт басым болады.Ландшафтының құрылымы көп сатылы
деңгейден тұрады.Төменгі деңгейдегі көлтабанды – аллювийлі ойпатты
жазықтың шалғынды топырақты жеріне әр түрлі шөптесінді - бидайықты
шалғын, сортаңына бетегелі – жусанды және сораң шөпті жамылғы
тараған.Орташа биіетігіндегі ежелгі аллюфийлі жазықтың ашық түсті сортаңды
қызыл күрең топырақты жеріне қара жусанды көкпекті, баялышты – көк
жусанды көкпекті шөлдік территориялық табиғат кешендері орналасқан.Одан
да биік деңгейінде палеогенді және неогенді құмайтты саз балшықтан түзілген,
жұқа эллювийлі – деллювийлі жамылғымен жабылған аридті денудациялық қат
– қабатты жазықтың ашық түсті сортаңды және карбонатты топырағына ақ
жусанды - көделі, бозды шөлейтті өсімдіктер дамыған.Жалпы Торғай шөлейтті
ландшафт аймағы өзен жайылмасы мен шабындығы бар мал жайылымы
қатарына жатады.Мұнда бөкен ауланатын аң шаруашылығы орналасқан.