Шөлді ландшафт зоналы факторлардың әрекетіне байланысты екі бөлікке
бөлінеді. Олар: 1) қоңырт топырақты жерге тараған, арасында дәнді шөптесіні
бар жусанды – сораңды солтүстік шөлді зона; 2) сұр – қоңыр топырақты жерге
тараған эфемерлі – жусанды оңтүстік шөлді зона.
І.Қоңыр топырақты жерге тараған арасында дәнді шөптесіні бар жусанды
– сораңды солтүстік шөлді зонасы Каспий маңы ойпатында, Орал алды
үстіртінде, Үстірт қыратында, Солтүстік Арал маңында тараған.Негізінен Батыс
Қазақстан, Ақтөбе облыстарының территориясында орналасқан. Жер беті
қоңыр топырақпен жамылған.Солтүстік шөлді оңтүстік зона бөлігімен
салыстырғанда жауын – шашын көбірек түседі, оның жылдық орташа өлшемі
150 – 180 мм – ге жетеді де, далалық дәнді өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік
туғызады. Далалық дәнді өсімдіктер саз балшықты жерлермен салыстырғанда
құмды шөлдерде көбірек өседі.Мысалы, Каспий маңы мен Арал маңындағы
құмдарда жусанды – еркекшөпті, көделі өсімдік жамылғылары жиі ұшырайды.
ІІ. Сұр – қоңыр топырақты жерге тараған эфемерлі – жусанды оңтүстік
шөл Маңғыстау үстіртінде, Үстірт қыратында, Қызылқұмда, Мойынқұмда,
Сарыесік – Атырауда, Іле жазығында, Жетісуда, Маңғыстау, Қызылорда,
Жезқазған, Семей облыстарының оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл,
Алматы, Талдықорған облыстарының солтүстігінде орналасқан.Жер бедері
теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі, тау алдындағы проллювийлі жазықтан
тұрады.Литогенді негіз бойынша саз балшықты, саздақты, құмды шөлдер
болып бөлінеді. Топырақ қабатының жамылғысы нашар дамыған, ойдым –
ойдым болып келеді.Құнарлылығы төмен, қордалы қарашірігі 1 – 2 % сұр –
қоңыр топырақ қалыптасқан.
34
Достарыңызбен бөлісу: