Microsoft Word Лекция docx



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата14.10.2022
өлшемі158,16 Kb.
#153073
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 5
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, « азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
 
public void Shygaru() { 
Console.WriteLine("tortburysh qabyrgalary: " +a+ ", "+b);


class Program { 


static void Main() {
Tortburysh ob1 = new Tortburysh();
ob1.Shygaru(); 
Tortburysh ob2 = new Tortburysh(2.3); 
ob2.Shygaru(); 
Tortburysh ob3 = new Tortburysh(2.3, 4.5); 
ob3.Shygaru(); 
Tortburysh ob4 = new Tortburysh(ob3); 
ob4.Shygaru(); 
}
}
Бұл программаның нәтижесі: 
Tortburysh() konstruktorynda 
tortburysh qabyrgalary: 1, 1 
Tortburysh(double) konstruktorynda 
tortburysh qabyrgalary: 2.3, 2.3 
Tortburysh(double, double) konstruktorynda 
tortburysh qabyrgalary: 2.3, 4.5 
Tortburysh(Tortburysh) konstruktorynda 
tortburysh qabyrgalary: 2.3, 4.5 
Бұл мысалда 
Tortburysh()
конструкторы 4 рет асыра жүктеледі, әр орындалған сайын 
ол объектіні басқаша құрады. Қажетті конструктор new операторында көрсетілген 
аргументтерге байланысты шақырылады. Аргумент ретінде класс объектісін қабылдайтын 
конструктор көшіру конструкторы деп аталады. Осылай кластың конструкторын асыра 
жүктеу қосымша мүмкіндіктер береді екен. 
Статикалық кластар және кластың статикалық мүшелері. 
Кейде бір кластың басқа объектілерінен тәуелсіз түрде қолданылатын сол класс мүшесін 
анықтау керек болып жатады. Көбінесе класс мүшесіне қол жеткізу осы класс объектісі 
арқылы ұйымдастырылады, бірақ сонымен қатар объектінің нақты экземплярына сілтеме 
жаса-май-ақ, жеке қолданыла беретін класс мүшесін құруға болады.
Осындай мүше жасау үшін оны жариялаудың ең басында static түйінді сөзін көрсету 
жеткілікті. Егер класс мүшесі static болып жарияланса, онда басқа ешбір объектіге сілтеме 
жасамай-ақ, ол өз класының кез келген объектісін жасау үшін қолданыла алады.
Static түйінді сөзі арқылы айнымалыларды да және сонымен қатар әдістерді де жариялауға 
болады. static типіндегі мүшенің қалыпты мысалы ретінде операциялық жүйе арқылы 
шақырылып, программаның ең басында жарияланатын Main() әдісін есептеуге болады. 
static типіндегі мүшені кластан тыс қолдану үшін, осы класс атын нүкте-оператормен 
көрсету жеткілікті. Бірақ бұл үшін объект құру қажет емес.
Негізінде, static типіндегі мүшеге қол жеткізу объектіге сілтеме жасау жолымен емес, өз 
класының аты бойынша жүзеге асады. Сонымен, егер Timer класының мүшесі болып 
табылатын static типіндегі Count айнымалысына 10 мәнін беру керек болса, онда келесі код 
жолын қолдануға болады.
Timer.Count = 10;
Бұл жазу формасы объект арқылы қарапайым экземпляр айнымалысын пайдалану кезіндегі 
сияқты болып жазылады, бірақ онда объектінің аты емес, класс аты көрсетіледі. Осындай 
тәсіл арқылы класс аты мен нүкте-операторды пайдаланып, static типіндегі әдісті де 
шақыруға болады.
static типінде жарияланған айнымалылар, негізінде, глобальді айнымалылар болып 
табылады. Объектілер өз класында жарияланған кезде, static типіндегі айнымалылардың 
көшірмесі жасалмайды. Оның орнына кластың барлық экземплярлары static типіндегі бір 


айнымалымен бірге қолданылады. Мұндай айнымалы оны класта пайдалану алдында 
инициалданады.
Айнымалының инициализаторы тікелей көрсетілмеген жағдайда, ол сандық типте болса, 
нөл мәнімен, сілтемелік типте болса, бос мәнмен инициалданады, ал егер ол bool типінде 
болса, оған false мәні беріледі.
Сонымен, static типіндегі айнымалы әрқашанда белгілі бір мәнге ие болуы тиіс. static 
типіндегі әдістің қарапайым әдістен айырмашылығы оны бұл кластың объектісі 
экземплярын жасамай-ақ, өз класының атымен шақыруға болады. Мұндай шақыру мысалы 
бұрын келтірілген болатын. Ол С# кластары кітапханасындағы System.Math класына 
жататын static типіндегі Sqrt() әдісі болатын.
Төменде static типіндегі айнымалы және әдіс жарияланған программа мысалы көрсетілген.
// static модификаторын пайдалану. 
using System;
class StaticDemo {
// static типіндегі айнымалы.
public static int Val = 100;
// static типіндегі әдіс. 
public static int ValDiv2() { return Val/2; }
}
class SDemo {
static void Main() {
Console.WriteLine("Ainymalynyng bastapqy mani " +
"StaticDemo.Val teng " + StaticDemo.Val);
StaticDemo.Val = 8;
Console.WriteLine("Ainymalynyng agymdagy mani " +
"StaticDemo.Val teng " + StaticDemo.Val);
Console.WriteLine("StaticDemo.ValDiv2(): " + StaticDemo.ValDiv2());
}
}
Бұл программа
нәтижесі:
Мұнан көретініміз static типіндегі айнымалы оның класын-дағы кез келген объект 
құрылғанша, инициалданады.
static типіндегі әдістерді қолдануға бірсыпыра шектеулер қойылады:
• static типіндегі әдістерде this сілтемесі болмауы тиіс, өйткені мұндай әдіс белілі бір 
объектіге қатысты орындалмайды.
• static типіндегі әдісте осы кластың экземпляры әдісін емес, тек басқа static типіндегі
әдістерді тікелей шақыруға рұқсат етілген. Мұның себебі – экземпляр әдістері нақты 
объектілермен жұмыс істейді, ал static типіндегі әдіс объект үшін шақырылмайды.
Сондықтан, мұндай әдістің жұмыс істейтін объектілері болмайды.
• Дәл осындай шектеулер static типіндегі мәліметтерге де қойылады. static типіндегі әдіс 
үшін оның класында анықталған басқа static типіндегі мәліметтер тікелей қол жетімді 
болып табылады.
Ол, мысалы, өз класының экземпляры айнымалысымен жұмыс істей алмайды, өйткені онда 
оның өңдей алатын объектілері болмайды. Төмендегі мысалда static типіндегі ValDivDe-
nom() әдісі жұмыс істей алмайды.
class StaticError {


public int Denom =3;
// экземплярдың қалыпты айнымалысы 
public static int Val = 1024;
// статикалық айнымалы 
/* Қате! Статикалық әдісте статикалық емес айнымалыны тікелей қолданбайды. */
static int ValDivDenom() {
return Val/Denom;
// компиляциядан өтпейді!
}
}
Бұл мысалда Denom жай қалыптағы айнымалы болып табылады, оны static типіндегі әдісте 
қолдана алмаймыз. Бірақ мұнда Val айнымалысын пайдалана аламыз, өйткені ол static 
болып жарияланған.
Осындай қателік төмендегі мысалда да бір класс ішіндегі статикалық әдістен статикалық 
емес әдісті шақыру кезінде де туындайды.
using System;
class AnotherStaticError {
// Статикалық емес әдіс.
void NonStaticMeth() {
Console.WriteLine("NonStaticMeth() adisinde.");
}
/* Қате! Статикалық әдістен статикалық емес әдісті тікелей шақыруға болмайды. */
static void staticMeth() {
NonStaticMeth(); // компиляциядан өтпейді!
}
}
Мұнда компиляция кезінде статикалық әдістен статика-лық емес әдісті (экземпляр әдісін) 
шақыру тәсілі қате береді.
static типіндегі әдістен экземпляр әдістерін шақырып, оның класындағы экземпляр 
айнымалыларын сол класс объектілеріндегі тәрізді қолдануға болмайды.
Мұның себебі – нақты объект көрсетілмесе, экземпляр айнымалысын немесе әдісін 
қолдануға болмайды. Мысалы, төмендегі код фрагменті дұрыс жазылған болып саналады.
class MyClass {
// Статикалық емес әдіс.
void NonStaticMeth() {
Console.WriteLine("NonStaticMeth() adisinde. ");
}
/* Объектіге сілтеме жасау арқылы статикалық әдістен статикалық емес әдіс 
шақырыла алады. */
public static void staticMeth(MyClass ob) {
ob.NonStaticMeth(); // бәрі дұрыс!
}
}
Бұл мысалда NonStaticMeth() әдісі staticMeth() әдісінен MyClass типіндегі ob объектісіне 
сілтеме бойынша шақырылады.
static типіндегі өрістер нақты объектіге тәуелді болмайды, сондықтан олар бүкіл осы класта 
қолданылатын ақпарат сақтауға ыңғайлы.


Төменде осындай жағдайды көрсететін программа мысалы келтірілген. Бұл программада 
static типіндегі өріс бұрыннан бар объектілердің санын сақтау үшін қолданылады.
// static типіндегі өрісті бұрыннан бар объектілер
// экземплярларын санау үшін пайдалану.
using System;
public CountInst() { count++; }
class CountInst {
static int Count = 0;
// Объект құру кезіндегі санауышты инкременттеу.
public CountInst() { count++; }
// Объектіні жою кезінде санауышты декременттеу.
~CountInst() { count--; }
public static int GetCount() { return count; }
}
class CountDemo {
static void Main() {
CountInst ob;
for(int i=0; i < 10; i++) {
ob = new CountInst();
Console.WriteLine("Agymdagy esepteu: " +
CountInst.GetCount());
}
}
}
Бұл программа нәтижесі:
Agymdagy esepteu: 1
Agymdagy esepteu: 2
Agymdagy esepteu: 3
… 
Agymdagy esepteu: 10
Countlnst типіндегі объект құрылған сайын static типіндегі Count өрісі инкременттеледі, 
бірақ осындай объектіні жою кезінде Count өрісі декременттеледі. Сол себепті Count өрісі 
осы сәттегі объектілер санын сақтап тұрады. Ал бұл static типіндегі өрісті қолдану арқылы 
жүзеге асатын болады. Осындай санау тәсілін экземпляр айнымалысы арқылы ұйымдасты-
руға болмайды, өйткені ол бұл кластағы объектінің нақты экземплярын емес, бүкіл класты 
қамтиды.
Төменде кластың статикалық мүшелерін қолданудың тағы бір мысалы келтірілген. Бұдан 
бұрынырақ кластар фабрикасы арқылы объектілерді құруға болатыны айтылған болатын. 
Ол мысалда фабрика статикалық емес әдіс болып жасалған еді, сондықтан ол фабрикалық 
әдіс тек алдын ала құрылған объектіге сілтеме жасау арқылы шақырылатын болаын.
Бірақ класс фабрикасын static типіндегі әдіс ретінде жүзеге асыру дұрысырақ болады, 
өйткені ол осы фабрикалық әдісті керекті объект құрмай-ақ шақыру мүмкіндігін беретін еді.
Міне осы тәсіл келесі класс фабрикасын жүзеге асыратын мысалда көрсетілген.
// Статикалық класс фабрикасын қолдану.
using System;
class MyClass {
int a, b; // MyClass класы үшін фабрика құру.
static public MyClass Factory(int i, int j) {


MyClass t = new MyClass();
t.a = i;
t.b = j;
return t; // объектіні қайтару
}
public void Show() { Console.WriteLine("а men b: " + a + " " + b); }
}
class MakeObjects {
static void Main() { 
int i, j;
// Фабриканы қолданып, объектілерді қалыптастыру.
for(i=0, j = 10; i < 10; i++, j--) {
MyClass ob = MyClass.Factory(i, j); // объект жасау
ob.Show();
}
Console.WriteLine();
}
}
Программа нәтижесі: 
Программаның бұл нұсқасында фабрикалық Factory() әдісі оның класының аты арқылы 
былай шақырылады: 
MyClass ob = MyClass.Factory(i, j); // объект жасау
Енді бұл кластың фабрикасын қолдану алдында MyClass класы объектісін құру қажет емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет