27
2020 жылғы зерттеудің сауалнамасында: «Сіз дене шынықтырумен және спортпен,
оның ішінде секциялық (ұйымдастырылған) немесе өзіңіз жасайтын жаттығулармен
қаншалықты жиі айналысасыз?»
деген сұрақ енгізілді, жауаптардың нәтижелері қарт
қазақстандықтардың шамамен үштен бір бөлігі (33,3%) күн
сайын дене шынықтырумен
айналысатындығын көрсетеді. Егде жастағы қазақстандықтардың қалған бір бөлігі (34,1%)
ешқашан дене шынықтырумен айналыспайды. Қалғандары,
сондай-ақ респонденттердің
шамамен үштен бір бөлігі (32,8%) кейде физикалық белсенділікпен айналысады (11 сурет).
Бұл мәселені әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар тұрғысынан талдау
көрсеткендей, 70 және одан жоғары жастағы азаматтар арасында (39,4%) дене
шынықтырумен
айналысатындар көп, ал 55-59 жас аралығындағы адамдармен
салыстырғанда (29,5%) күн сайын дене шынықтырумен айналысатындар аз. Егде жастағы
адамдардың материалдық әл-ауқатының контекстінде де айырмашылықтар бар –
қаржылық жағдайы жақсы адамдар арасында (76,4%) әртүрлі
жиілікпен болса да дене
шынықтырумен айналысатындар көп, қиын жағдайға тап болғандарға (56,4%) дене
шынықтырумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: