Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx



Pdf көрінісі
бет19/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   95
Байланысты:
қарттар

 
 
Сурет 7. Сауалнамаға қатысушылардың өздерінің материалдық жағдайларын 
бағалаулары жайлы (2008 жылы n=1500, 2020 жылы n=2000) 
2008 жылы егде жастағы адамдардың 29% -ы елеулі қаржылық қиындықтарды 
бастан өткергендерін мойындады («зейнетақыдан зейнетақыға дейін ақша әрең жетеді» 
және «қажетті заттарға ақша жетпейді, маған көмек қажет»), 2020 жылы бұл әлеуметтік 
санат 1,5 есеге төмендеді - 19,2% дейін, бұл оң динамиканы білдіреді, бірақ сонымен бірге 
әрбір 5-ші қарт қазақстандықтың қаржылық жағдайы қиын екенін атап өткен жөн. Айта 
кету керек, «зейнетақыдан зейнетақыға дейін ақша әрең жетеді» деген жауаптарды 
зейнетақы алатындардың 18,5% -ы атап өтті. Зейнеткерлік жасқа дейінгі респонденттердің 
9,1% -ы «ең қажетті заттарға ақша жетпейді, маған көмек керек» деп жауап берді. 
2020 жылғы зерттеуге сәйкес әлеуметтік-демографиялық және географиялық 
сипаттамалар тұрғысынан қарттардың қаржылық жағдайларын талдау кезінде анықталғаны 
7%
22%
28%
35%
8%
5,9%
13,3%
13,3%
45,8%
21,9%
Ақша басты қажетті заттарды сатып 
алуға жетпейді, мен мұқтажбын
Ақша зейнетақыдан зейнетақыға дейін 
әрең жетеді
Ақща тек тамақ сатып алуға жеткілікті
Күнделікті шығындарға жеткілікті, бірақ 
ұзақ қолдануға болатын заттарды сатып 
ала алмаймын
Мен өзімді ештеңеден шектемеймін
2020 жыл
2008 жыл


22 
қиын қаржылық жағдайдағы қарттардың үлесі Маңғыстауда (32%), Батыс Қазақстанда 
(33,3%), Солтүстік Қазақстанда ( 26%), Атырау (26%) және Қостанай (25%) облыстары. 
Сондай-ақ, материалдық қиындықтарды өткеріп жатқан жесірлердің саны (23%) және 
некеде тұрмағандар саны (24%). Осылайша, егде жастағы адамдардың қаржылық жағдайы 
олардың тұрып жатқан жердің географиялық ерекшелігі мен отбасылық жағдайға 
байланысты ерекшеленеді.
2008 жылы келесі көрсеткіштер анықталған: осындай респонденттер саны Астана 
мен Алматы қалаларында көп (39%) және Солтүстік- Шығыс Қазақстан аймақтарында 
(36%), сонымен қоса жалғызбасты зейнеткерлер арасында (39%) жиі кездеседі.
2020 жылғы зерттеу бойынша қарттардың шаруашылықтарындағы материалдық 
жағдайларының қалай екендігін анықтау үшін «Отбасының барлық мүшелері мен 
шаруашылығыңыздан 
түсетін 
қаржыларды 
қоса 
есептеген 
кезде, 
сіздің 
шаруашылығыңыздың мына заттарды... сатып алу мен қолдануға ақшаларыңыз жетеді 
ме?», осы сұрақтан кейін төменде әртүрлі нұсқалар көрсетіледі, ал осы сұрақтың нәтижесі 
4 кестеде көрсетіледі. Кестедегі ақпараттар «Иә» жауабы бойынша рангілік кему деңгейі 
бойынша көрсетіледі. Жауаптар қарт адамдардың көпшілігінің үйінде коммуналдық 
қызметтерге ақы төлеуге, жақсы тамақтануға, киім-кешек пен дәрі-дәрмектерді қажет 
болған жағдайда алуға болатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу барысында 
анықталғаны әрбір бесінші (20%) егде жастағы адам коммуналды қызметтерді төлеуге, 
жақсы тамақтану мен басқа да шығындарды төлеуді есепке алмаған кезде төлеу мен 
қолдауға ақшалары жетпейтіндігі мен материалдық қиындықтарды сезінетіндіктерін 
айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет