*!Мидың постцентралды ирелеңінің бұзылысы кезінде болады


Ерікті қимылдар және олардың бұзылыстары



бет46/90
Дата05.06.2023
өлшемі1,61 Mb.
#178245
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Байланысты:
!Миды постцентралды иреле іні б зылысы кезінде болады

Ерікті қимылдар және олардың бұзылыстары

17
Қабылдауда 45 жасар ер кісіде, табанынан басталатын сол аяғындағы клоникалық тырысуларға шағымданады. Емханада қарау кезінде патологиялық табан рефлекстері мен тонусының жоғарылауымен сол аяғының салдануы анықталады.


Патологиялық үрдіс орналасуы мүмкін
сол жақты ішкі капсула
сол жақты алдыңғы орталық қыртыстың төменгі жағы
сол жақты алдыңғы орталық қыртыстың жоғарғы жағы
оң жақты алдыңғы орталық қыртыстың төменгі жағы
+оң жақты алдыңғы орталық қыртыстың жоғарғы жағы

18
К науқас, 89 жаста, гипертониялық аурумен ауырады, кенеттен оң қол-аяқтағы қозғалысы жоғалды. Объективті: оң жақтық спастикалық гемиплегия мен гемианестезия анықталады.


Науқастан қандай синдромды анықтауға болады?
+орталық гемипарез
сезімталдықтың шеткі тип бұзылысы
солғын гемипарез
шеткі гемипарез
алмасушылық синдром

19
Д науқас, 48 жаста, біртіндеп сол аяқ-қолда қатты ауру сезімі, қараңғыда жүрісінің бұзылыстары дамыды. Объективті: гемигипестезия, гиперпатия, гемианопсия.


Ең тән зақымдану деңгейін анықтаңыз?
+көру төмпешігі
сопақша ми
ішкі капсула
варолиев көпірі
бас миының маңдай аймағы

20
Д науқас, 48 жаста, біртіндеп оң қол-аяқта әлсіздік пен ұю сезімі, сөйлеудің бұзылыстары дамыды. Объективті: оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ығысқан, дизартрия, оң қол-аяқта тонус пен рефлекстері жоғарылаған. Бас миының зақымдану деңгейін анықтаңыз


көру төмпешігі
сопақша ми
+ішкі капсула
варолиев көпірі
бас миының маңдай аймағы

21
55 жастағы әйел кісі, вахтер, аяқ-қолының әлсіздігіне шағымданады. Қарау кезінде: қол бұлшықеттерінің гипотрофиясы, рефлекстердің, бұлшықет күшінің төмендеуі, қол бұлшықтетерінің фибрилляциясы анықталады. Жүрісі өзгерген, жүрген кезде аяғын «тартады». Аяғындағы рефлекстердің айқын жоғарылауы, екі жағынан Бабинский және Оппенгейм патологиялық рефлекстері оң.


Патологиялық үрдісты анықтау үшін жұлынның қай бөлігін зерттеу қажет?
+мойын буылтығы
мойын буылтығынан жоғары
кеуде бөлігі
бел бөлімі
төменгі кеуде бөлімі

22
39 жасар К есімді науқас, гипертониялық аурудан зардап шегеді, кенеттен айқын көп реттік құсу пайда болды. Объективті: кома, қарашықтары кеңейген, қарашықтарыдың жарыққа реакциясы жоқ, оң жақтық спастикалық гемиплегия және гемигипестезия.


Синдромды анықтаңыз
+капсулярлық
таламикалық
Броун –Секар синдромы
алмасушылық
бағандық синдром

23
Науқаста қол бұлшықеттерінің гипотрофиясы, рефлекстердің, бұлшықет күшінің төмендеуі, қол бұлшықтетерінің фибрилляциясы анықталады. Жүрісі өзгерген, жүрген кезде аяғын «тартады». Аяғындағы рефлекстердің айқын жоғарылауы, екі жағынан Бабинский және Оппенгейм патологиялық рефлекстері оң.


Синдром қалай аталады?
+аралас тетрапарез
спастикалық тетраплегия
орталық төменгі параплегия
перифериялық тетраплегия
жоғарғы орталық парапарез




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет