Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі


Санитариялық микробиология: фармацевтикалық практикаға қатысты түсінік, мақсаттар мен міндеттер



бет16/35
Дата23.12.2023
өлшемі169,01 Kb.
#198849
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер түсінігі; ал-emirsaba.org

37. Санитариялық микробиология: фармацевтикалық практикаға қатысты түсінік, мақсаттар мен міндеттер.
Санитарлық микробиология – адамдардың денсаулығына қолайсыз әсер ете алу мүмкіндігі бар қоршаған орта микроорганизмдерін (оның ішінде патогенділерін де) зерттейтін медициналық микробиологияның тарауы. Санитариялық микробиологияның маңызды міндеттері: адамдар, жануарлар микропопуляциялары мен қоршаған орта объектілерінің жиынтығы, соның ішінде осы үш ортада микробтардың болу жағдайлары арасындағы адам үшін ықтимал қауіпті микробтардың өзара алмасу (айналым) заңдылықтарын зерттеу; адам үшін тамақ өнімдерінің, судың, ауаның және әртүрлі заттар мен материалдардың қауіпсіздігін бағалаудың микробиологиялық әдістерін іздеу және пайдалану; сыртқы ортаның нақты объектілері микрофлорасының сапалық және сандық құрамының гигиеналық талаптарға сәйкестігін белгілейтін нормативтерді әзірлеу; адам мен жануарлардың қоршаған ортаға әсер ету жолдарын бағалау. Адамдардың өндірістік және жеке іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған орта объектілерін патогенді 6 микроорганизмдер ластайды, ал суды, топырақты өзін-өзі тазарту процестерінің бұзылуын зерттеуге ерекше назар аударылады; микробқа қарсы іс-шаралар арқылы сыртқы ортаны сауықтыру және олардың тиімділігін бағалау мақсатында ұсынымдар ұсыну
Санитарлық микробиологияның мақсаты: Сыртқы орта объектілерінің (су, ауа, топырақ, ас тағамдары, тұрмыстық заттар) микробиологиялық зерттеу әдістерін жетілдіру және бағалау. Қоршаған орта микрофлорасының гигиеналық шарттарға сәйкестігінің нормативтерін жетілдіру. Адамдардың, жануарлардың қоршаған ортаға әсер ету жолдарын бағалау және анықтау. Адамдар, жануарлар және қоршаған орта арасындағы микрофлора қалыпты өзара алмасуын зерттейді. Сыртқы ортаның өзіндік тазалану және өзінше залалсыздандыру қабілеттігін бұзатын өндірістік және тұрмыстық процесстерді зерттейді. Микрофлорасына әсер ете отырып, сыртқы орта объектілерін сауықтыру ұсыныстарын жетілдіру. Алдын-ала жүргізілетін санитарлық бақылауда, мекемелер мен тұрғылықты жерлерді жобалауда маман-микробиологтардың тұрақты түрде қатысуы. Сумен қамтамасыз етудің, ас даярлайтын мекемелердің қызметінің сапасын үздіксіз бағалау. Сарқынды сулар мен қоқыстардың залалсыздандырудың тиімдігін бағалау жүргізу. Фармацевтикалық препараттарды зерттеу санитарлық-микробиологияның бөлігі болып табылады, оның мақсаты мемлекеттік Фармакопеяның талаптары мен әдістеріне сәйкес дәрілік заттардың сапасын анықтау болып табылады. Фармацевтика өнеркәсібі әлемдік нарыққа шығаратын барлық өнімдерді микробиологиялық тазалық деңгейіне сәйкес шартты түрде екіге бөлуге болады. Препараттардың шамамен 20% стерильді болуы керек, ал қалғандарында адам денсаулығына қауіп төндіретін бактериялардың белгілі бір түрлерін қоспағанда, микроорганизмдердің шектеулі санының болуына жол беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет