54. Топырақтың санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалау (ситуациялық есептер мысалында). Топырақ түзілу шартына және топырақ түзетін жыныстардың сипатына байланысты әртүрлі механикалық құрамды болады. Механикалық құрам деп топырақтағы әртүрлі диаметрлі механикалық элементтердің салыстырмалы мөлшерін айтады. Топырақ массасы әрқашан әртүрлі мөлшердегі– бірнеше миллиметрден бірнеше микронға немесе миллимикронға дейінгі бөлшектерден түзіледі. Бұл бөлшектердің минералогиялық және химиялық құрамы әртүрлі болады, топырақта дамитын физикалық - химиялық және биологиялық үрдістерге қатысты әртүрлі белсенділікке ие болады, оның су, ауа, жылу және қоректік тәртіптеріне үлкен ықпалын көрсетеді. Топырақтың жеке кішкентай бөлшектерін, яғни минералдардың жеке кесектері мен тау жыныстарының сынықтарын механикалық элементтер деп атайды, олар топтарға немесе фракцияларға бірігеді. Әрбір фракция оны басқа фракциялардан айыратын физикалық қасиеттердің жиынтығымен сипатталады. Жіктеу мақсатында көбінесе 0,01 мм ірі бөлшектердің барлығын физикалық құм фракциясына, ал 0,01 мм кіші бөлшектердің барлығын ұсағырақ – физикалық сазбалшық фракциясына біріктіреді
55. Топырақ сынамаларын алу кезінде қандай шарттарды сақтау керек Топырақ сынамаларын алу кезінде топырақ барлық гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет.Сынама алмас бұрын жердің беткі қабатын сырып алым тастайды.Топырақтың сынамасын ашық,жауын-шашынсыз құрғақ күндері әртүрлі тереңдікте алады.Алынған сынаманың бір бөлігінен топырақтың судағы сүзінді ерітіндісін дайындайды.Бұл сүзбе ерітіндіге өтетін минераллық тұздардың мөлшері топырақ құрамындағы олардың шамасына ғана емес,олар сүзбе ерітіндісін жасауға алынған су мөлшері мен топырақтың арақатынасы да,су температурасына ,тұндыру уақытына және топырақтың ұсақ-ірілігіне байланысты болады. 56. Дәрілік шикізаттың микрофлорасы және дәрілік шикізаттың микробтық тазалығын арттыру жолдары. Дәрілік препараттарғамикроорганизмдердің түсу көздері мен жолдарына байланысты стерильді емес препараттардың микробтық тазалығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін әртүрлі тәсілдер мүмкін. Дәрілік түрдегі микроорганизмдер белсенді және көмекші заттардың ыдырауына әкелуі мүмкін. Бұл препараттың емдік әсерінің жоғалуына, дәрілік түрдің сыртқы түрінің өзгеруіне, кейде улы өнімдердің пайда болуына әкеледі. Патогендік микроорганизмдерден айырмашылығы, көптеген сапрофиттер ферменттердің үлкен жиынтығына ие және әртүрлі заттарды, ақуыздарды, липидтердіжәне т. б. ыдырата алады. Дәрілік формалар мен препараттардың микробиологиялық тазалығының төрт санаты бар: 1) Инъекциялық, инфузиялық, көзге арналған дәрілік нысандар, дененің стерильді қуысына, ашық жараларға, күйіктерге енгізілетін препараттар, жаңа туған нәрестелерге арналған стерильді препараттар; 2) Жергілікті, трансдермальді, интервагинальді, ингаляцияға арналған және құлақ, мұрын қуысына енгізілетін препараттар;