Дәріханалардың үй-жайларында келушілер мен дәріхана қызметкерлерінің секрециясы нәтижесінде пайда болатын ауаның бактериялық ластануы үлкен маңызға ие, өйткені бұл қызметкерлердің әртүрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен инфекциясының себебі, сондай-ақ микроорганизмдердің дәрілік заттарға ену қаупі. Дәрілік препараттарға түскен микрофлора олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне, терапевтік белсенділігінің төмендеуіне, сақтау мерзімінің қысқаруына әкеледі, науқаста аурулар мен асқынулардың дамуына себеп болуы мүмкін. Ауаның ең қарқынды бактериялық ластануы сауда залында, жуу бөлмесінде және қосалқы бөлмелерде байқалады. 48. Дистилденген судың және инъекцияға арналған судың микробтық ластануын анықтау үшін пайдаланылатын қоректік орталар.
Жалпы микробтарды анықтау үшін сарылы-тұзды агар, сү тті-тұзды агар қоректік ортасын пайдаланамыз. Және Эндо қоректік ортада эйшерихоз коли өсіреді Сүтті-тұзды агарды да тұзды агар негізінде дайындайды. 100 мл залалсыздандырылған ерітіліп, 45оС дейін суытылған тұзды агарға 10 млзалалсыздандырылған майы алынған жылы сүтті құямыз. Ортаны мұқият араластырып, табақшаларға құяды. СТА-дағы стафилококктар колониясының пішіні диаметрі 2-4 мм диск тәрізді, тегіс жиекті болады, сары, ақ,лимон түстес пигменттелуі мүмкін. Аз дегенде 5 сипатты колонияны қиғаш ет-пептонды агарға егіп, кейін осы дақылдармен плазмокоагуляция реакциясын жүргізеді (патогенді және сапрофитті стафилококктардың дифференциациясы үшін. Саруызды-тұзды агарды тұзды агар негізінде дайындайды. Оны дайындау үшін ет-пептонды сорпаға (рН 7,2 - 7,4), 2% агар және 6,5% хлорлы натрий қосып, су моншасында ерітіеді. Еріген соң алып, сүзеді. 100 см3немесе 250 см3 көлемде құйып алып 121оС-та 30 минут бойы залалсыздандырады. Ет-пептонды сорпаның орнына құрғақ қоректік агарға 6,5 % NaCl өосып пайдалануға болады..