Стерилизация ұғымы. Стерильдеу-стерильденетін объектідегі микроорганизмдерді толық жою (латын тілінен аударғанда – ұрықты жою).
Стерилизацияның негізгі мақсаттары: медициналық араласу кезінде микробтық жасушалардың адам ағзасына енуінің алдын алу; диагностикалық және ғылыми зерттеулер кезінде, биотехнологиялық өндіріс үрдісінде қоректік орта мен жасуша дақылдарының контаминациясын болдырмау; материалдардың, оның ішінде диагностикалық және дәрілік заттардың микробтық биодеградациясынан алдын алу.
Стерилизация әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: физикалық (жоғары температура, сәуле әсерінен);
механикалық (сүзу);
химиялық
Стерилизацияның физикалық әдістері.
Фармацевтикалық практикадағы стерильдеу объектілері: жабдықтар, коммуникациялар, қоректік орталар, қоспалар, дайын дәрілік заттар (ыстыққа төзімді заттардың инъекциялық және инфузиялық ерітінділері), стерильді өнімге арналған бастапқы қаптама материалдары, технологиялық киім болып табылады.