Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Споралары (ұрық) бояу.
Спораларды күрделі тәсілдермен бояйды, өйткені олардың қабықтары
тығыз болып келеді. 
Бояр алдында споралардың қабығын улағыштармен (хром, тұз қышқылдары) немесе жылытылған
фенолмен әсер ету арқылы жұмсартып алады. Осы жағдайда жасушалардың споралары жақсы боялып, кейін
қышқылдармен қысқа уақыт ішінде әрекет еткенде түссізденбейді. Микроб жасушасының вегетативті денесі
қышқылдардың күшімен түссізденіп, тек қосымша қарама-қарсы бояулармен бояғанда ғана көрінеді. 
Златгоров тәсілі.
Жалында бекітілген жағындыға Циль фуксині сіңдірілген құрғақ сүзгіш қағазды
(жамылғы шынының мөлшеріндей) қойғаннан кейін судың бірнеше тамшысын тамызып, қыздыра отыра 5-7
минуттай боялады. Жағынды құрғап кетпес үшін оның бетіне су тамызып отыру керек. Сонан соң жағынды
3%-дық күкірт қышқылының судағы ерітіндісімен 5-10секунд түссіздендірілгеннен кейін сумен шайылады.
Препаратты қосымша 2-3 минуттай метилен көгімен бояп, сумен шайып, кептіреді.
Микроскоптың көз шалымында споралар қызыл түске, ал негетативті жасушалар көк түсті болып
көрінеді.
Пешков тәсілінде
жалын үстінде немесе спирт пен формалиннің қоспасында бекітілген жағындыны
Леффлердің метилен көгімен 15-20 секунд аралығында қыздыра отыра бояп, сумен жуады. Жағынды
қосымша бейтарап (нейтралды) қызылдың 0,5%-дық судағы ерітіндісімен 30 секунд боялады. Сонан соң
препарат жуылып, кептіріледі. Бұл препаратты микроскоппен қараған жағдайда ұрықтар көгілдір немесе
көк, жас ұрықтар қара-көк, вегетативті формалар қызғылт, хроматинді элементтер күлгін түсті болып
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет