Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Капсулаларды бояу.
Кейбір микробтардың жасуша қабырғасының бетінде шырышты қабаты
болады. Ол цитоплазмада түзіліп, клетка қабырғасының бетінде секрет ретінде шығарылып отырады.
Капсулалардың химиялық құрамы әр түрлі: олардың кейбіреулері белоктар кешенінен тұрса, ал енді
біреулері полисахаридтерден құралады. Капсула мен жасушаның қалған бөлігі бірдей боялмады. Капсула
қорғаныс рөлін орындап, көбінесе патогенді микроорганизмдерде кездеседі. Мұндай микробтар капсуласы
жануарлар организмінде жиі, ал сирек жағдайда жасанды қоректік орталарда да пайда болуы мүмкін.
Капсулалар жарық сәулелерін әлсіз сындырады, сондықтан тірі боялмаған клеткада оларды байқау өте қиын.
Капсулаларды бояудың бірнеше тәсілдері бар.
Ольт тәсілі.
Жағындыны сафраниннің 2-3%-ды ерітіндісімен бояйды. Бояғышты қолданар алдында
оның ұнтағын ыстық суда еріту арқылы дайындайды (ерітінді сүзіледі). Бояуды жалынның үстінде 1-3 минут
аралығында жүргізеді де, оны тез арада сумен шаяды. Препарат кептірілмей (оның үстінде судың болуы
керек) жапқыш шынымен жабылып микроскоптың иммерсионды жүйесімен зерттеледі. Су қабатынан өткен
жарық сәулелері капсула мен микроб клеткасының денесінің айырмашылығын үдете түседі. Микроскоптың
көз шалымында микроб клеткасының денесі қызыл, ал капсула сары түсті болып көрінеді.
Михин тәсілінде
бекітілген жағынды Леффлердің метилен көгімен 2-3 минуттай ысыта отыра
боялады. Жағынды тез сумен шайылып, кептіріледі. 
Микроскопиялық көрініс: микроб клеткасының денесі қара көк, ал капсуласы ашық қызғылт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет