Стафилококкалардың ферментатив- тік (биохимиялық) қасиеттерін анықтаудың диагностикалық маңызы
зор. Олардың ерекше биохимиялық
қасиеттерін
патогенділіктің
факторлары деп есептейді.
Таза өсіндіні кәдімгі сүтке,
көмірсулары бар қоректік орталарға,
ЕПЖ-не (немесе жылқылардың
ұйытылған қан сарысуларына) себеді.
Стафилококкалар ЕПЖ-ін (бесінші
күні), жылқылардың ұйытылған қан
сарысуларын сұйылтатын, сүтті
ұйытатын, пайда болған казеинді
пептонизацияға ұшырататын
протеолиттік қасиетіне иеленген.
Көмірсулардың ішінен лактоза, глюкоза, сахароза, мальтоза және
маннитті ыдыратады. Манниттің ыдырауы стафилококкалардың
патогендік қасиетінің белгісі болып табылады. Стафилококкалар
күкіртсутекті, аммиакты, коагуляза ферментін түзеді. Индолды
өндірмейді.
Коагулязаны анықтау үшін үй қоянының жүрегінен 8 мл қан алып,
оны 2 мл лимон қышқылды натрийдің 5%-ды ерітіндісімен
араластырады. Сонан соң шыны түтіктегі қанды 1500-2000 айналымда
центрифугалайды. Плазманы (тұнба сұйықтығы) физиологиялық
ерітіндімен 1:5 қатынасында сұйылтып, 0,5 мл-ден шыны түтіктерге
құяды да оларға осы мөлшерде стафилококкалардың сорпадағы өсіндісін
қосып араластырады. Егер өсінді тығыз қоректік ортада өсірілген болса,
плазманың 1:10 қатынасындағы сұйылтымын 1 мл-ден шыны түтіктерге
құйып, оған өсіндінің бір ілмегін араластырады да 37ºС-қа реттелген
термостатқа қояды. Сұйықтықтың қоймалжың немесе тығыз