Микроскопиясы. Патологиялық материалдардан қоректік
орталарға себінді жасағаннан кейін жағынды дайындалады. Ол үшін зат
шынысының бетіндегі физиологиялық
ерітіндінің
тамшысына
бактериологиялық ілмек көмегімен
іріңнің бір тамшысын қосып, қоспаны
зат шынысының бетіне біркелкі
таратады. Жағындыны ауада немесе
жалында кептірген соң Грам тәсілімен
бояп, микроскоппен зерттейді.
Стафилококкалар шар формалы
микроорганизмдер. Диаметрі 0,7-1,0
мкм шамасында болады. Олар жүзім
шоғырына ұқсас келеді, жылжымайды,
спора мен капсула түзбейді. Грам-оң
бактерия (52-сурет).