Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет150/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
– –
2
5
Сау мал қан
сарысуы 1:10
+ + 
+ +
+ +
+ +
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ +
– –
– –
– –
– –
– –
7

Физиологиялық
ерітінді
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ + 
+ +
+ +
– –
– –
– –

7

Ол үшін телімді қан сарысуы мен сау мал қан сарысуын бір
сұйылтымда (1:10) дайындайды және үш қатарға сұйылтымы 10 есе
көбейіп отыратын вирусты 0,5 мл-ден шыны түтіктерге үлестіреді.
50-сурет. Вирустардың
жасушаларды зақымдауы
(цитопатогенді әсер етуі)
51-сурет. Вирустардың телімді
антиденелермен бейтараптануы
(цитопатогенді әсерінің болмауы)
126


Вирустарды бейтараптау индексін дұрыс есептеу үшін зерттеуге
алынған вирустың ең соңғы сұйылтымы оның биологиялық титрінен
артық болуы қажет. Мысалы, вирус титрі 10
-7
ӘБ
50
болса, онда зерттеуге
вирусты 10
-8
сұйылтымына дейін алу керек. Бірінші қатардағы шыны
түтікшелерге 1:10 сұйылтымындағы телімді қан сарысуын 0,5 мл, екінші
қатардағыларға – сау мал қан сарысуларын (антиденелері жоқ) 0,5 мл, ал
үшінші қатардағыларға – физиологиялық ерітіндіні 0,5 мл-ден қосады.
Бірдей көлемде (1:1) үлестірілген қан сарысулары мен вирус
қоспаларын жақсылап шайқағаннан кейін, бір-бірімен әрекеттесу үшін
қажетті уақыт пен температурада ұстайды (вирустың түріне
байланысты). Инкубация уақыты өткеннен кейін қан сарысуы мен түрлі
сұйылтымдағы қоспаны жасуша өсінділері немесе басқа да вирусқа
сезімтал жүйелері бар 4 шыны түтіктерге 10
-8
сұйылтымнан бастап (10
-8
,
10
-7
, 10
-6
, 10
-5
) 0,2 мл-ден қосады. Жасуша өсінділері бар шыны
түтіктерді +37ºС термостатта 60-90 минут ұстағаннан кейін, оларға 1 мл-
ге дейін қоректік орта қосып, күнделікті микроскопиялау арқылы
термостатта ұстайды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін (5-12 тәулік)
реакция нәтижесін оқиды. 
Бастапқыда вирустың титрін Рид және Менч әдісімен есептейді. Сау
мал қан сарысуы бар түтіктермен салыстыра отыра, телімді қан
сарысулары вирустардың титрін қандай деңгейге дейін
төмендететіндігін бейтараптау индексі (Ig) деп атайды. Бейтараптау
индексі келесі формуламен есептеледі:
БИ =
Т
1
=
10
7
= 105 = 100000,
Т
2
10
2
мұнда Т

– сау мал қан сарысуы бар вирустың титрі;
Т

– телімді қан сарысуы бар вирустың титрі.
Бейтараптау индексі 2 Ig және одан жоғары немесе сандық
есептеуде 100 және одан жоғары болғанда реакция оң деп есептеледі. 
Бейтараптау индексі 1 ден 2 дейін болған жағдайда реакция күдікті
деп есептеліп, реакцияны қайта қояды. Бейтараптау индексі 1 ден төмен
болғандарын теріс нәтиже деп есептейді.
Бейтараптау реакциясында бір сұйылтымдағы вирустар мен әр түрлі
сұйылтымдағы қан сарысуларын жиі жағдайда зерттеуге алынған
антиденелерді идентификациялау және олардың құрамында белгілі бір
вирусқа қарсы антиденелердің бар екендігін, вирустарды бейтараптай
алатын титрін анықтау үшін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет