Патологиялық материал
ретінде жас өлексе немесе жілікті сүйек,
өті бар бауыр үлгісі, көк бауыр, бүйрек, жүрек, екі жағы байланған ащы
ішек кесіндісі алынады.
Лабораторияда өлексені жарып, материалдардың үлгілерін
ЕПС,ЕПА, Эндо немесе Левин орталарына себеді. Бауыр, бүйрек, лимфа
бездері, көк бауыр және бас миының үлгілері таңба тәсілімен Петри
шыныларындағы агарға себіліп, термостатқа қойылады. Сонымен қатар
аталмыш материалдардан жағындылар жасалып, Грам тәсілімен
боялады.
Микроскопиясы.
Аспа тамшы препаратында олардың
жылжымалық қасиеті зерттеледі. Әдетте
E. coli
перитрих (жылжымалы),
кейде олардың жылжымайтындары да кездеседі. Қоздырғыштың
ұштары
дөңгеленіп келген таяқша тәрізді, грам-теріс, спора мен капсула
түзбейді (56-сурет). Тек кейбір
серотоптарының
(08,09,0101)
капсулалары болады. Олардың
ұзындығы 1-3 мкм, ені 0,8 мкм. Эндо
және Левин орталарында өскен
колонияларды ЕПА, ЕПС құйылған
шыны түтіктерге қайта себеді. Пайда
болған таза өсінділердің биохимиялық
және антигендік қасиеттерін анықтау
үшін арнайы дифференциалды
диагностикалық орталарға себеді. Ал
патогендік қасиеттерін биосынама қою
арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |