Өсінділік қасиеті.
E. coli
тәжірибеде
қолданылатын қоректік орталардың барлықтарында жақсы өседі.
Қолайлы өсу температурасы 37-38ºС. Аэроб және факультативті
анаэроб. Сұйық қоректік ортаны ішек таяқшалары біркелкі
лайлайды, шыны түтікті шайқағанда тез бұзылатын тұнба
түзеді.ЕПА-да 16-20 сағаттан соң ылғалды, шеттері тегіс, беттері
жылтыр сұрғылт түсті колонияларды қалыптастырады.
Бұлардың кейбір штамдарының гемолиттік қасиеттері бар.
Эшерихиялардың тұқымын, түрін анықтау үшін олардың биохимиялық
қасиеттерін зерттейді.
Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттері.
Эндо ортасында
ішек таяқшалары орта құрамындағы лактозаны ашытып, сүт қышқылын
түзетіндіктен, қызыл-күрең түсті колонияларды түзеді. Индикаторы бар
глюкозалы және лактозалы орталарды ашытып, шыны түтіктердегі
ортаның түсін қызғылт немесе қызыл түске өзгертеді. Ішек
таяқшасының көптеген штамдары маннит пен дульцитті ыдыратады,
индол түзеді, күкіртсутекті түзбейді. Метилен қызылымен оң нәтиже
(орта қызғылт түске боялады), ал Фогес-Проскауэр реакциясында теріс
нәтиже (орта сары түске боялады) көрсетеді. Соңғы екі сынауда Кларк
Достарыңызбен бөлісу: |