Микробиологиялыќ зертхана


Серологиялық типтерін анықтау



Pdf көрінісі
бет170/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Серологиялық типтерін анықтау.
Шыны түтіктердегі қиғаш
қатырылған ЕПА-да 18-20 сағат бойы, 37ºС-та өсірілген ішек
таяқшалары физиологиялық ерітінділермен шайылып, стерильді шыны
түтіктерге ауыстырылады. Шайындыны 100ºС температурада 1 сағат
бойы су моншасында қыздырады. Мұндай жағдайда термолабильді L-
және B-антигендері талқандалады, ал термостабильді А-антигенді
талқандау үшін 120ºС-та 2 сағат бойы автоклавта ұстайды. Қыздырылған
бактериялардың суспензиясы бар шыны түтіктерді центрифугаға
орналастырып, 10-15 минут бойы 2000-3000 айналымда тұндырады. Осы
тұнбаны зат шынысының бетінде қойылатын агглютинация
реакциясында (АР) антиген ретінде қолданылады. 
Антигеннің қалған бөлігін оптикалық стандарт бойынша, 1 мл-де
500 млн. микрб жасушасы болатындай етіп, стерильді физиологиялық
ерітіндімен сұйылтқаннан кейін, оны шыны түтіктерде қойылатын АР-
да қолданады.
135


E. coli-
дің серотоптарын анықтау үшін зат шынысына поливалентті
топтық қан сарысуларын тамызғаннан кейін, оның үстіне
бактериологиялық ілмекпен центрифугаланған бактерия тұнбасын
қосып, араластырады. Реакция нәтижесін 3 минуттан соң оқиды. Оң
реакцияда сұйықтық мөлдірленеді және ұсақ түйіршікті агглютинат
пайда болады. Теріс нәтижеде тамшы еш өзгеріссіз қалады.
Поливалентті қан сарысуларының бір тобымен желімделген антигенді
1:10 қатынасында сұйылтылған сол топтың моновалентті қан
сарысуларымен қайталап тексереді. Осында оң нәтиже көрсеткен
антигенді шыны түтіктердегі АР-да 1 мл көлемінде қояды. Моновалентті
қан сарысуын 1:25 сұйылтымынан бастап этикеткада көрсетілген титрге
дейін сұйылтады. Әуелі бірінші шыны түтікте қан сарысуының бастапқы
сұйылтымы дайындалады: 2,4 мл физиологиялық ерітіндіге 0,1 мл
моновалентті қан сарысуы қосылады. Қалған шыны түтіктерге 0,5 мл-
ден физиологиялық ерітінділер құйылады. Бірінші шыны түтіктегі (1:25)
қан сарысуынан 0,5 мл алып, оны екінші шыны түтікке құйып,
араластырғаннан кейін, оның 0,5 мл-і үшінші түтікке ауыстырылады,
үшіншіден – төртіншіге солай т.б., соңғы шыны түтіктен 0,5 мл
сұйықтықты, ал бірінші шыны түтіктен 1,5 мл-ді алып тастайды. Сосын
барлық шыны түтіктерге 0,5 мл-ден зерттеуге алынған антиген
қосылады. Қосымша бақылау қойылады: 1) антиген + физиологиялық
ерітінді (жалған агглютинация болмау үшін); 2) 1:25 қатынасындағы қан
сарысуы (флокуляцияның болмауы үшін). Барлық шыны түтіктерді
шайқап, 37ºС-қа реттелген термостатта 16-18 сағат ұстайды, сонан соң
бөлме температурасында 6-8 сағат қалдырады. Реакция нәтижесі
агглютиноскоп көмегімен төрт кресттік баға бойынша оқылады.
E. coli
-дің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет