Өсінділік қасиеті.
Лактозаны ыдырата алмайтын бактериялардың
таза өсінділері алынған соң, олардың қай тұқымға жататындығы
анықталады. Сонан соң микробтардың түрі мен сероварианттары
белгіленеді. Лабораторияға жіберілген материалды элективті орталарға
(Эндо, Плоскирев, Левин және висмут-сульфит агарына), ЕПС мен ЕПА-
на себеді. Эндо, Левин және Плоскирев орталарында сальмонеллалар
түссіз немесе күңгірт, ал висмут-сульфит агарында қара түсті
колонияларды түзеді. ЕПС-ын біркелкі лайлап, ЕПА-да жылтыр, түссіз,
мөлдір немесе күңгірттеу келген колонияларды құрайды (57-сурет).
Қолайлы өсу температурасы 37-38ºС. Сальмонеллезге шалдыққан
малдардың нәжістерін қоректік заттармен байытылған ортаға (Шустов
ортасы) себеді. Мұндай орталар ішек таяқшаларының өсуін тежеп,
сальмонеллаланың көбеюін қамтамасыз
етеді. Нәжісте протей болған жағдайда
сальмонеллалар нашар өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |