Патологиялық материал.
Сальмонеллездің сепсистік формасында
зерттеуге жас өлексені тұтас немесе жілікті сүйектерін, бауырды өтімен
бірге, бүйрек, көк бауыр, лимфа бездерін және жүректі жібереді.
Микроскопиясы.
Органдардың ұлпаларынан жасалған
жағындыларды Грам тәсілімен бояйды, сонымен қатар қысылған және
аспа тамшы препаратында олардың жылжымалығын тексереді.
Сальмонеллалар таяқша тәрізді, жеке-жеке кейде қос-қостан
орналасады, көлемі 2-4 мкм, грам-теріс, спора және капсула түзбейді,
Salmonella pullorum
-нан басқалары жылжымалы (перитрихтер).
Достарыңызбен бөлісу: |