Диссоциация құбылысы кезінде S –және R- пішінділердің пайда
болуы мүмкін, оны бруцеллалардың түрін анықтағанда есептеу шарт. S–
пішінді колониялар бруцеллез қоздырғышының мына түрлеріне тән:
Br.melitensis, Br.abortus, Br.suis, Br.neotomae.
R- пішінділері –
Br.canis,
Br.ovis.
Өсіндінің ыдырау (диссоциация) дәрежесі агглютинация қабілетін
жоғалтуымен анықталады (яғни үстіңгі қабықшадағы S – антигенін
жоғалту).
Табиғатта S-пішінді бруцеллалар жиі кездеседі. Бруцеллездің
созылмалы түрінде дерт ұзаққа созылғанда L-пішінділері байқалады.
Ауру жұққан организмнен алынған бруцеллаларды өсіргенде,
алғашқы ұрпағы өте баяу көбейеді – көбінесе жақсы өсу 1-3 аптадан
кейін байқалады. Сондықтан қанды және тағы басқа ауру немесе күдікті
малдан алынған үлгіні 3 апта бойы 37ºС температурада ұстайды, ал
бруцеллалардың зертханалық себінділері 24-48 сағатта өсіп-өнеді.
Br.
abortus-
ты организмнен бөліп алу үшін қоректік ортада көмір қышқыл
газы болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: