Өсінділік қасиеті
. Қарапайым қоректік ортада жақсы өседі.
Олардың ішіндегі жақсысы – бауыр агары, глицерин және глюкоза
қосылған сорпа.
Br.abortus
көмірқышқыл газының басымдығын қажет
етеді. Колониялары түссіз, дөңес, S-
пішінді болады (59-сурет). R- және М-
пішінді колониялары да байқалады.
Қолайлы температурасы 37–38ºС,
аэробтық жағдайда жүреді. Дегенмен,
бруцелланың кейбір түрлерін өсіру
үшін, ауа құрамында СО
2
жоғары
деңгейде болуы қажет. Бруцеллезге
шалдыққан
мал
организмінде
қоздырғыш негізінен ретикуло-
эндотелиалды жүйенің жасушаларында
өсіп өнеді. Мұның өзі бруцелланың
жасуша ішінде тіршілік ететін
қоздырғыштар тобына жататындығын
көрсетеді.
Патологиялық материалдардан
қоректік орталарға себінді жасалған
бруцеллалардың өсуі 1-3 аптадан соң
байқалады.
Қазір ТМД-да ет-пептонды және
бауыр қоректік орталары, құрамында
балық және ашытқы гидролизаттары
бар «Д» құрғақ ортасы қолданылады.
Агарда бруцелла колониялары түссіз,
сәл жылтыр, пішіні дөңгелек, дөңес,
сыртқы келбеті дұрыс, гемогенді немесе
диаметрі 0,5-0,1 мм-ден 3-4 мм-ге дейін жетеді. Қиғаш қатырылған
агарда себінді нәзік, жылтыр, мөлдір бозамық болады. Сұйық ортада
біркелкі лайлану байқалады, үлпілдек қабықша түзілмейді, тек қана ескі
өсінділерінде ғана шынының шетінде сұйықтың деңгейінен азғана
көтеріңкі шығыршық тәрізді өсім байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |