+
+
- (+)
Тионині бар қоректік ортада өсуі 1:50 000
+
-
+
Күкіртсутектің түзілуі
-
+
++
Көмірқышқыл газына мұқтаждығы
-
+ (-)
өсіндінің бірінші генерациясында
-
«Тб» фагіне сезімталдылығы
-
+
-
Монорецепторлық қан
сарысуымен
желімделуі
Antiabortus
+
- (+)
-
antimelitensis
- (+)
+
+
Шартты белгілер: (++)-айқын оң нәтиже; (+)-оң нәтиже; (-)-теріс нәтиже
141
Серологиялық диагностикасы.
Жануарлардың қан сарысулары
мен сүті АР, РБС, КБР, КҰБР, ИФТ, ПТР және сүтпен қойылатын СР
көмегімен тексеріледі. Мүйізді ірі қара, жылқы, түйе қан сарысулары
АР-да 1:50-ден 1:400 титрдегі аралықта, ал қой, ешкі, шошқа, бұғы,
буйвол және иттің қан сарысулары 1:25 сұйылтымынан бастап
қойылады. Терісі бағалы аңдар мен теңіз шошқаларының қан
сарысулары бұл реакцияда 1:10, 1:20, 1:40 және 1:80 қатынасында
тексеріледі. Малдарды жаппай тексеру кезінде алдыңғы екі
сұйылтыммен қоюға болады.
Мүйізді ірі қара, жылқы, түйе, ит, терісі бағалы аңдар мен теңіз
шошқасының қан сарысулары 0,5% фенол қосылған 0,85%-ды
физиологиялық ерітіндімен сұйылтылады. Қой, ешкі, шошқа, буйволдың
қан сарысулары 5%-ды физиологиялық ерітіндімен, ал бұғынікі 10%
фенол қосылған NaCl ерітіндісінде зерттеледі.
АР-нда екі кресттен жоғарғылары оң нәтиже деп саналады. Мүйізді
ірі қара, жылқы, түйеде 1:100- ауру, ал 1:50-күдікті; Қой, ешкі, шошқа,
буйвол, итте 1:50 сұйылтымдары – ауру деп есептелсе, 1:25 сұйылтымы
–күдікті болып саналады. Күдікті деген нәтижелерді көрсеткен
жануарлардың қаны 3-4 аптадан соң қайта тексеріледі.
КБР мен КҰБР-ның екі, үш, төрт кресттік бағамдары бар 1:5 және
одан жоғарғы титрлері оң нәтиже көрсеткіші ретінде есепке алынады.
РБС 18-30ºС температура аралығында қойылады. Мүйізді ірі қара,
жылқы, түйе, қой, ешкі, шошқа, буйволдың қан сарысуларының 0,3 мл-
ін эмальданған пластинаның шұңқыршаларына құйып, олардың үстіне
роз-бенгал бояуы қосылған бруцеллез антигенін 0,03 мл мөлшерінде
тамызады. Пластинаны 4 минут бойы баяу шайқайды. Антигеннің
бақылауы ретінде позитивті және негативті стандартты қан сарысулары
мен физиологиялық ерітінді алынады. Осы уақыт аралығында қоспада
қызыл түйіршіктердің пайда болуы, реакцияның оң нәтиже бергенін
көрсетеді. Ал теріс нәтиже кезінде қоспа өзгеріске ұшырамайды. РБС-
ында оң нәтиже көрсеткен үлгілерді АР, КБР, ИФТ тәсілдерімен
зерттейді.
Сүтпен қойылатын сақина реакциясында бақылау ретінде сау
сиырдың сүті мен серологиялық реакцияларда оң нәтиже берген
сиырдың қан сарысуы мен сүтінің қоспасы (1 мл сүт + 0,05 мл қан
сарысуы) алынады.
Реакция нәтижелері келесі кресттік жүйемен бағаланады:
(+++) – қаймақ қабатында көк сақина (шығыршық) байқалып, сүт
ақ түсті болады;
(++) – қаймақ қабатында көк сақина айқын байқалғанымен, сүттің
түсі көкшіл тартып тұрады;
(+) – қаймақ қабатында сақина нашар байқалып, сүт көк түсті
болады;
142
(–) – көк сақина түзілмейді, қаймақ қабаты сәл жасыл немесе ақ
түсті, сүт біркелкі көк. Бұл реакцияның оң нәтижесі ретінде үш немесе
екі кресттік бағамдар алынады. Бір кресттік – күдікті деп саналып, ол
малдар РБС, АР, КБР, КҰБР-ымен зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |