Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет185/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Микроскопиясы.
Туберкулез қоздырғышы қышқылға, спиртке,
сілтіге төзімді бактерияларға жататындықтан нашар боялады. Мұндай
бактерияларды бояу үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Олардың
ішіндегі ең кең тарағаны – Циль-Нильсен тәсілі. Бұл әдіспен боялған
препараттарда микобактериялар қызғылт түсті таяқша түрінде көрінеді
(60-сурет). Грам-оң бактерия.
Кейінгі кездері патологиялық
материалдар люминесценттік тәсілмен
зерттеліп жүр. Зат шынысының
бетіндегі
жағынды
жалында
бекітілгеннен
кейін,
арнайы
ерітіндімен (0,1 г аурамин, 0,01 г
родамин және 100 мл дистилденген су)
10-15 минут боялып, шайылады. Сонан
соң жағынды 70%-ды этил спиртінде
дайындалған тұз қышқылының
ерітіндісімен 30 секунд ішінде
түссіздендіріледі.
Шайылған
препараттың фонын қышқылды
фуксин мен сірке қышқылынан
дайындалған (1 г қышқылды фуксин +
1 г сірке қышқылы + 500 мл дистилденген су) ерітіндімен 1-2 минут
аралығында кетіреді де, шайылып, қосымша Леффлер көмегімен
(метилен көгі) 2 минут боялады. Шайылған препарат ауада кептіріліп,
микроскоптың құрғақ жүйесімен (х40) зерттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет