Қоздырғыш таяқша тәрізді, ұзындығы 1,5-5 мкм, диаметрі 0,5 мкм.
Mycobacterium tuberculosis –
жіңішке, сәл иілген,
Mycobacterium bovis –
қысқа, жуан таяқша, ал
Mycobacterium avium –
басқа түрлеріне қарағанда
ұсақ, полиморфты бактерия. Туберкулез микобактериялары жылжи
алмайды, спора мен капсула түзбейді. Жағындыда олар жеке-жеке және
топтасқан түрде кездеседі. Өсінділерден дайындалған препараттарда
олар тармақталған, ұзын жіпшелер тәрізді байқалады. Көбінесе
микобактериялар біркелкі боялмайды. Жасушаның цитоплазмасында
«Мухтың» түйіршіктері (грам-оң, қышқылға төзімсіз түйіршіктер)
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: