Реакция теріс болған жағдайда 3-6 аптадан кейін бастапқы торайлармен
бірге 2 сезімтал жануарға қосымша жұқтырады. Вируленттілігі жоғары
штамдармен жұқтырылған жануарлардың 40%-ы немесе оданда
жоғарғысы өлімге ұшырап, ауруға тін белгілері анық көрінеді.
Вируленттілігі әлсіз штамдарымен жұқтырылған 15-20 кг болатын
жануарларда аурудың созылмалы ағымы байқалса, салмағы 35 кг
шошқалардың дене қызуының бірнеше күнге дейін көтерілуімен
шектеліп қана қояды. Мұндай жануарларды сойып тексергенде, аздаған
нүктелі қанталаулар байқалады.
Гистологиялық зерттеу
жүйке ұлпаларындағы өзгерістерді
анықтау мақсатында жүргізіледі. Ол үшін өлген немесе сойылған
шошқалардың бас миының жарты шарын, мишығын, әр жерінің
жұлынын алғаннан кейін, олардан гистологиялық препараттар
дайындап, гемотоксилин-эозинмен бояйды. Көпшілік жағдайда (70-93%)
орталық жүйке жүйесінде лимфоцитарлық энцефаломиелит пен
ганглиозды жасушалардың дистрофиясы байқалады. Лимфа бездерінен,
жүрек бұлшық еттері мен бүйректен дайындалған кесінділерде
жасушалар ядросының ішінен ядрошықтардан бірнеше есе кіші, ұсақ
ацидофильді денешіктер көрінеді.
Вирустардың серологиялық идентификациясында
иммунды
флуоресценция, жанама гемагглютинация, диффузиялық преципитация,
иммунды электрофорез, пероксидазалық байланыстарды бейтараптау,
полимеразалық тізбекті реакциялар мен иммунды ферменттік талдау
әдістері қолданылады. Шошқалардың африкалық обасының
ретроспективті балауында
комплементті байланыстыру, диффузиялық
преципитация, иммунды флуоресценция және бейтараптау
реакцияларының көмегімен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: