Микробиологиялыќ зертхана


Зерттеуге алынған сынамаларды тасымалдау және сақтау



Pdf көрінісі
бет76/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Зерттеуге алынған сынамаларды тасымалдау және сақтау.
Сынамаларды алғаннан кейін стерильді ыдысқа (шыны түтік немесе
флакон) салып, қақпағын жабады да, тез арада вирустардың
инактивациялану процесінің тежелуін қамтамасыз ету үшін
салқындатқыш қоспасы бар термостарға орналастырады. Салқындатқыш
қоспа ретінде тең көлемдегі құрғақ мұз (тығыз көмір қышқылы) бен этил
спиртін алуға болады. Бұл жағдайда температура минус 70ºС бірнеше
тәулік бойы сақталады. Сондай ақ, мұз (қар) мен ас тұзының 3:1
қатынасындағы қоспасын пайдаланған жағдайда термостағы
температура минус 15-20ºС-ді құрайды. Сынамаларды ұзақ сақтау үшін
химиялық консерванттарды да қолдануға болады. Ол үшін зерттеуге
алынған патологиялық материалды стерильді глицерин мен ас тұзының
85%-ды ерітіндісінің 1:1 қатынасындағы сұйылтымына салады.
Аталмыш қоспаны паренхиматозды органдар мен ұлпаларды
консервациялауға пайдаланады. Құрамында вирусы бар сұйықтықтарды
сақтауда глицерин ерітінділерін қолдану тиімсіз, әсіресе, ондай
материалдарды зертханалық жануарлар организміне, тауық
эмбриондары мен жасуша өсінділеріне жұқтыруға болмайды.
Глицеринмен консервацияланған патологиялық материалдар иммунды
флюоресценция әдісімен зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Сондықтан люминесценттік микроскоппен зерттеуге арналған
патологиялық материалдан бір мезгілде, қосымша зат шынысының
бетінде жағынды жасап, бекітіп жібереді. 
Патологиялық материалдар салынған шыны түтіктер мен флакон
сыртында материалдың атауы, қандай малдан алынғандығы туралы
мәліметтер көрсетілген заттаңбасы (этикетка) болуы керек. Зерттеуге
арналған сынамалар салынған термостарға картоннан немесе жұқа
тақтайдан жасалған бирка іледі. Онда шаруашылық атауы, мал түрі,
материалдың түрі мен алынған күні көрсетіледі. Алынған патологиялық
материалдар жануарлар туралы толық мәліметтер, шаруашылықтың
эпизоотологиялық көрсеткіштері, жорамалданған диагнозы мен ауруды
65


жоюда қолданылған шаралары (емдеу, вакцина егу, т.б.), сонымен қатар
сынамаларды алған мал дәрігердің аты-жөні мен күні көрсетілген
жолдама құжатпен бірге жөнелтіледі. Зертханаға жеткізілген
сынамалардан вирустарды бөліп алу жұмыстары тез арада жүргізілуі
керек. Егер әлде бір себептерден зерттеу жұмыстары кейінге шегерілетін
болса, онда материалдарды минус 40-70ºС температурада сақтау қажет.
Қан, жұлын сұйықтығы, зәр, қырынды мен жұтқыншақ
шайындыларындағы вирустардың көпшілігі мұздатуға шыдамай, тез
арада белсенділігін жоғалтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет