жиналып қалған вирус белоктарының қалдықтары, не сол элементтердің
комбинациялары. Вирус денешіктерінің көлемі әрең көрінетіннен
жасуша ядросының көлемімен бірдей, ал олардың бір жасуша ішіндегі
саны 1 мен 10-12 аралығында болады. Құтырық вирусының әсерінен
жүйке жасушаларының цитоплазмасында түзілетін денешіктер Бабеш-
Негри деп аталады. Құс шешегінің вирусы эпителиальды жасуша
цитоплазмасында – Боллингер денешігін, сүтқоректілер шешегінің
вирусы – Гварниери денешігін, етқоректілер вирусы – Лентц денешігін,
ал тауықтардың жұқпалы ларинготрахеиті – Зейфред денешігін түзеді.
РНҚ-ды вирустар цитоплазмалық вирус денешіктерін, ал ДНҚ-ды
вирустар ядро ішілік вирус денешіктерін құрайды. Вирустардың кейбір
түрлері цитоплазмалық және ядро ішілік денешіктерді түзеді.
Әртүрлі вирустардың жасуша ішінде түзілетін вирус денешіктерінің
өзіне тән қасиеттері, бояғыштармен боялуы, көлемі, пішіні, құрылымы
мен денешіктердің орналасқан жерлері түрліше болып келеді.
Сондықтан ауруға шалдыққан малдардан алынған материалдардан
дайындалған препараттарды зерттей отыра вирус денешіктерінің қандай
вирустардың (құтырық) әсерінен пайда болғанын анықтауға мүмкіндік
береді. Көп жағдайда вирус денешіктерін анықтау тек қосымша
диагностикалық әдіс ретінде пайдаланылады.
Вирус денешіктерін анықтау үшін зерттеуге арналған
материалдардан жағынды немесе таңба жасап, арнайы әдістермен
бояйды да, микроскопиялық зерттеу жүргізеді. Түрлі вирустардың
түзген вирус денешіктері әртүрлі арнайы әдістермен боялады. Қазіргі
уақытта жағынды препараттарды бояудың түрлі рецепттері бар.
Олардың ішінен әмбебап тәсілдің бірі болып, гемотоксилин-эозинмен
бояу саналады.
Достарыңызбен бөлісу: