24-сурет. Жануарлардың құрсақ және көкірек қуысын ашу тәртібі (Н.И. Троценко, 1989) Патологоанатомиялық белгілері байқалған немесе өлімге ұшырар
алдында ауру белгілері көрінген жануарлардың құрсақ қуысынан
құрамында вирусы бар материалдар ретінде бауыр, көк бауыр, бүйрек,
шажырқай лимфа бездері мен ішек кесінділері алынады. Көкірек
қуысындағы мүшелерді алу үшін қабырға сүйектерін төс сүйегімен қоса
айналдыра кесіп, қақпақша тәрізді ашады.
Бас сүйегін ашу үшін өлексені препарат үстеліне құрсағымен
жатқызып, алдыңғы аяқтары мен басын бекітеді (25-сурет). Басы мен
мойын терісін дезинфекциялаушы ерітіндімен өңдегеннен кейін терісін
құлағының артқы жағынан бастап көз шарасына дейін айналдыра кеседі
де, терісін құлағымен бірге алдыға қарай аша отыра бас сүйегін
жалаңаштайды. Қайшының ұшын желкенің үлкен тесігіне кіргізеді де,
оңға және солға қарай көз шарасына дейін, сосын көз шарасының
арасын айналдыра кескеннен кейін бас сүйегін ашады. Жұмсақ
консистенциялы мидың жүйке талшықтарын кесіп, бас сүйегінен
шығарып алады.