Микробиологиялыќ зертхана


Зертханалық жануарларды таңбалау (белгі салу)



Pdf көрінісі
бет82/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Зертханалық жануарларды таңбалау (белгі салу).
Экспериментте
қолданылатын жануарларға түрлі белгілер салады. Вирусы бар материал
жұқтырылған жануарлар тұрған торға қолданылған вирус атауы,
жұқтырылған жануарлар саны, жұқтырылған күні, т.б. мәліметтер
жазылған бирканы бекітеді. 
Әртүрлі жануарлар үшін түрлі белгі салу тәсілдері пайдаланылады.
Нөмірленген метал бирканы қояндар құлағының түбіне, ал теңіз
шошқаларының құлақ шеміршегіне сырға тәрізді қыстырады,
тауықтардың аяғына сақина тәрізді етіп кигізеді. 
Аздаған топтағы жануарлардың арқасының немесе жамбасының
жүнін қырқу арқылы таңбалауға болады. Теңіз шошқаларын түр түсіне
қарай жұмыс журналына тіркеу арқылы белгілейді. 
Ақ тышқандар мен егеуқұйрықтардың алдыңғы немесе артқы
аяқтарының саусақтарын ампутациялау арқылы белгі салуға болады.
Олардың әрқайсысы реттік нөмірге сәйкес: алдыңғы аяқтарының
саусақтары – бірлік, ал артқы аяқтарының саусақтары – ондық сандарын
құрайды. Сонымен қатар, белгі салу жұмыстарында түрлі бояулардың
қаныққан ерітінділері (пикрин қышқылы, фуксин және бриллиант
жасылы) де пайдаланылады. Жануарлар денесінің бояумен белгіленген
жерлері олардың реттік санын білдіреді. Бұл
жағдайда жануар денесін үш бөлікке (сол жағы,
арқасы және оң жақ бүйірі) бөліп алады да,
бояумен таңбалауды сол жағының алдыңғы
бұрышынан (жауырынынан) бастайды. Мұнда, сол
жақ жауырыны таңбаланған жануардың реттік
саны – 1, сол жағының ортаңғы бөлігі
таңбаланғаны – 2, сол жақ жамбасы таңбаланғаны
– 3, желкесі – 4, арқасы – 5, құймышақ аумағы
таңбаланғаны – 6, оң жақ жауырыны таңбаланғаны
– 7, оң жағының орта бөлігі таңбаланғаны – 8, оң
жағының жамбасы таңбаланған жануардың реттік
саны сәйкесінше 9 санын білдіреді (23-сурет). 
Екі түсті бояуды қолдана тыра, олардың бір
бояудың түсін – бірлік, ал екіншісін ондық сан деп
белгі салуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет