№14технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Ақ ұлпа қарлар»
Мақсаты:
а)Бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түсіре отырып,жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету.
ә)Сурет салу іскерліктерін дамыту
б)Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ түсті гуашь,жіңішке қылқаламдар,әр балаға көк түспен боялған қағаздар,қол сүрткіш,су.
Сөздік жұмыс: ұлпа,үлпілдек
Іс -әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушы
|
-Балалар,бүгін далада қар жауып тұрғанын байқадыңдар ма?
-Сендердің ойншықтарың да қардың жауып тұрғанын көргілері келеді,не істесек екен? Ендеше,балалар,біз ойыншықтарға жауып тұрған қардың суретін қарындаштың көмегімен салып берейік.
|
Балалар тәрбиешінің көмегімен қардың жауып тұрғаны жайлы,өздерінің көргендерін айтады.
|
Іздену- ұйымдастырушы
|
-Терезеден жан-жақтарыңа,үйлердің төбесіне,ағаштарға,жолдарға қарасаңдар,барлығы ақ ұлпа қар жамылған.
-Қардың түсі қандай?
-Қардығы тағы қандай деп айтуға болады?
Балалардың алдына бұлттың суреті салынған парақ қағаздардың тұрғанын ескерте отырып,ақ ұлпа қарларды қалай салуға болатынын көрсетіп,түсіндіру.
- Жіңішке қылқаламды ақ қарындашты алып,қысқа түзу сызық сызамыз,оның үстінінен көлденең қысқа сыызықтар сызу арқылы суретті толықтырып,ақ ұлпа қарды бейнелейміз.
Балалардың толық қағаздың бетін пайдалануын қадағалау.
Сергіту сәті:
Аппақ,аппақ дала,
Аппақ ауыл,қала.
Жапалақтап ақша қар,
Жауа берсін,жауа.
Педагог көлденен және түзі сызықтар салуға қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар береді. Жұмыстарын аяқтаған соң, көрме ұйымдастырады.
|
Терезеден далаға көз тастап қарайды.
-Аппақ.
-Мамықтай ұлпа жұмсақ.
Балалар педагогтың көмегімен түзу, көлденең, қиғаш бірнеше сызықтар жүргізу арқылы қардың бейнесін салады.
Өлең сөздерімен сәйкес қимылдар жасайды.
|
Рефлексивті коррекциалаушы
|
Педагог балаларға «Кішкентай суретші лер» деген ат беріп, жасаған жұмыстарының сәтті шыққанын, ойыншықтардың қуанғанын хабарлап, олардың атынан алғыс айтады.
|
Балалар салған суреттеріне мұқият қарайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білді: Қардың апақ,мамықтай ұлпа екенін,жапалақтап жауатыны біледі.
Игерді: Қыс мезгілінде қардың түрлі қалыпта жауатынын игереді.
Меңгереді: қысқа түзу, көлденең, қиғаш сызықтарды сызу арқылы қардың бейнесін салуды меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |