штативтерге салады да ылғалдылығы 60-70%-ды құрайтын, +37ºС-ге
реттелген термостаттарда инкубациялайды.
Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау жұмыстарына
овоскопиялау, қауыздарын дезинфекциялау және жұмыс орындарын
дайындау жатады. Қараңғы жерде овоскопиялау арқылы жұмыртқаның
ішкі құрылымын, ауа камерасын, ұрықтың орналасқан жері мен қан
тамырлары жоқ зоналарды (0,5х0,5 см) анықтап, графитті қарындашпен
белгі салады. Бұл белгілер арқылы вирусы бар материалдармен
жұқтыратын орындарды таңдайды. Сонымен қатар, овоскопиялау
арқылы ұрықтың тірі (ХАҚ қан тамырлары қанға толы, ұрық белсенді
қозғалады) немесе өлі екендігін де анықтайды.
Тауық эмбриондарын бокс бөлмелерінде, асептикалық жағдайда
жұқтырады. Боксқа кіреберіс бөлмесінде эмбрионның сыртқы қабығын
йодталған спиртпен өңдегеннен кейін боксқа кіргізіп қайтара өңдейді.
Эмбриондарды дезинфекциялағыш ерітіндімен ылғалдандырылған
3-4 қабат дәкесі бар эмальданған кюветаның ішіне орналастырылған
арнайы штативке бекітеді.
Жұмыста қайнату арқылы стерильденген саймандарды спиртке
батырып, жалында күйдіргеннен кейін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: