Микробиологиялыќ зертхана


Тауық эмбриондарына экспериментальды жолмен жұқтыру



Pdf көрінісі
бет91/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Тауық эмбриондарына экспериментальды жолмен жұқтыру
әдістері.
Тауық эмбриондарына вирусты жұқтырудың алты әдісі бар.
Олардың ішінен ең жиі қолданатындары аллантоис қуысы мен хорион-
аллантоис қабықшасына жұқтыру, сирегірек амнион қуысы және
сарыуыз қапшығына, ал өте сирек жағдайда ұрық денесі және ХАҚ қан
тамырларына жұқтырады. Жұқтыру әдістерін вирустың тропизмі мен
жұқтыру мақсатына қарай таңдайды. Жұқтырудың барлық тәсілдерінде
инфекциялық материалды 0,1-0,2 мл көлемінде енгізеді. 
Аллантоис қуысына жұқтыру
әдісінде тұмау, Ньюкасл ауруы,
жылқылардың ринопневмониясы, везикулярлы стоматитінің вирустары
жақсы көбейеді. Бұл жұқтыру әдісінің бірнеше нұсқасы (варианты) бар. 
Тауық эмбрионының доғал жағын жоғары қаратып бекітеді. Ауа
камерасының шекарасынан 5-6 мм жоғарыға қарай диаметрі 1 мм
көлемінде қауызды ойып, вирустық материалы бар шприц инесін
жұмыртқа осьін бойлай 10-12 мм тереңдікке енгізу арқылы жұқтырады
(27-сурет). 
Жұқтырғаннан кейін инені алып, қауыздағы тесікті бекіту үшін
балқытылған стерильді парафинді тамызады. Бұл әдістің екінші
нұсқасында ауа камерасының үстіңгі жағын ауаның біраз бөлігін
шығару үшін теседі. Ал материалды жұқтыру үшін ХАҚ аймағының қан
тамырлары жоқ жерінің қауызын тесіп, иненің ұшын небәрі 2-3 мм-ге
дейін енгізген соң 0,1-0,2 мл вирустық материалды жұқтырып, ол жерді
парафинмен бекітеді.
 
Хорион-аллантоис қабықшасына жұқтыру
әдісін эпителиотропты
және пантропты вирустарды: шешек, құстардың жұқпалы
ларинготрахеитін, ет қоректілер обасын, Ауески ауруын, қойлардың
79


катаральды қызбасын және т.б. өсіру үшін
қолданады. Жұқтырудың бұл түрінде вирустық
материалды табиғи ауа камерасы мен жасанды ауа
камералары арқылы енгізеді.
Табиғи ауа камерасы арқылы жұқтыру (28-
сурет) үшін штативке эмбрионның доғал жағын
жоғары қаратып (ауа камерасы жоғарғы бетінде
болуы керек) бекітеді. Ауа камерасының
ортасынан диаметрі 15-20 мм көлемінде қауызды
ойып, пинцеттің көмегімен қауыздың астыңғы
қабықшасын ашады. ХАҚ-ның жалаңаштанған
жеріне 0,2 мл вирус суспензиясын енгізіп, тесікті
лейкопластырьмен немесе жапқыш шыныны
балқытылған парафинмен бекіту арқылы жабады. 
Жасанды ауа камерасы арқылы жұқтыру (29-сурет) біріншісіне
қарағанда жиі қолданылады. Бұл әдісте эмбрионды штативке
горизонтальды жағдайда, ұрықтың арқасын жоғары қаратып бекіткеннен
кейін, қауызды екі жерден теседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет