Жетекшісі: Оспанова С. К. 2010 жыл. Мазмұны. Кіріспе



бет1/25
Дата28.01.2018
өлшемі6,19 Mb.
#34938
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Қостанай облысы Федоров ауданы.

«Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп» ММ



«Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері»

Бағыты: «Табиғат және экология».


Орындаушы: Ахметбекова Саулет

Есмагамбетова Гүлден



Жетекшісі: Оспанова С.К.

2010 жыл.

Мазмұны.

Кіріспе.
І. Өсімдік жайлы не білеміз.
1. Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер.

2. Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар.

3. Дәрілік өсімдіктерді жинау.

4. Ақ алабота. Сабын алу әдісі.

5. Жұмыс нәтижесі.


Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.


Қосымша материалдар.

«Жасылдар» ұйымы
Ұраны:

«Табиғатты қорғау және сақтау.»


Қағидалары:

  1. Мектеп айналасын, ауланы, көшелерді көгалдандыру жұмысына белсене қытысу.

  2. Ағаш бұтақтарын сындырмау, жыпырақтырды, жемістерді көктей жұлмау.

  3. Табиғатқа серуенге шыққанда ағаш діңдерін пышақпен ойып, аттарын жазу әдетінен аулық болу.

  4. Ерте гүлдейтін өсімдіктерді пиязшығымен, тамырымен қазып алмау.

  5. Құмырсқанаң илеуін бұзбау.

  6. Құстардың ұясын бұзбау.

  7. Көбелек, инелік ұстамау, балықтың шабақтарын ауламау.



Ұйымның мақсаттары:

  • Оқушылардың экологиялық саналылығы мен білім деңгейін көтеру;

  • Жеке тұлғаның рухани мүмкіндігін ашу, дені таза өмір салтын қалыптастыру;

  • Табиғатпен біртұтас болып және өзін-өзі сол табиғаттың бір бөлігі деп сезінуге көмектесу;

  • Жеке тұлғаны отбасы, халық, мемлекет алдында азаматтылыққа тәрбиелеу.



Міндеттері:

    1. Мектеп ішін және айналасын жасылдандыру және оны қорғау.

    2. Тәрбиелік іс-шараларды насихаттау.

    3. Басқа ұйымдармен тығыз байланыста болу.

    4. Ұжымға жаңадан мүше тарту, ұжым белсенділерін тәрбиелеу.



Ұйым мүшелерінің құқықтары мен міндеттері:

  • Іс пен сөздің біртұтастығы!

  • Достық пен шығармашылық!

  • Ар мен намыс!

  • Қамқорлық пен қайырымдылық!

  • Ұйым атынан қорғау!

  • Өз ұжымын таңдау!

  • Әр сұрақ бойынша өз пікірін білдіру!

  • Ұйымнан еркін шығу!



Құрылымы:

  • Ұйымға өз қалаулары бойынша 5-11 сынып оқушылары қабылданады.

  • Дарынды балалармен дербес жұмыс жүргізіледі.

  • Жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлініп жұмыс істейді.



Заңды мекені – 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы,

Федоров селосы, Первомайская көшесі, 59.



«Жасылдар» экологиялық ұйымының тақырыптық жоспары


Р/с

Тақырыбы

Мерзімі

1

«Жасылдар» ұйымы мүшелерінің бас қосуы

Ай сайын

2

Мектеп бақшасына ағаш көшеттерін отырғызу

Сәуір-мамыр

3

Мектеп кабинеттерін көгалдандыру мақсатында жарыс ұйымдастыру. «Ең жасыл кабинет» бәйгесі

Наурыз

4

«Ең жасыл қабат» бәйгесі

Наурыз

5

Мектеп ауласындағы ағаштарға күтім жасау

Үнемі

6

Мектеп ауласына гүлдер отырғызу, күтім жасау

Сәуір

7

Мектептің санитарлық жағдайын қадағалау

Үнемі

8

«Өсімдік - өмір кілті» брэйн-ринг

Ақпан

9

«Нағыз бағбан» гүл көрмесі

Сәуір

10

А) Экологиялық конференция:

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»

ә) «ЭКОС» газетін шығару


Қантар
Ай сайын



11

Ауылды көгалдандыру жұмыстары

Саябақтарға сенбілік



Сәуір

12

Саябақтағы ағаштарды күту (кезекшілік ұйымдастыру)

Үнемі

13

Ауыл тұрғындарын табиғатты қорғауға, аялауға шақыратын жарнамалар жасау

Сәуір

14

Ауылдың санитарлық жағдайын

анықтап, тиісті шаралар жасау



Үнемі

15

Жергілікті жердегі су көздерін қоқыстан тазарту

Үнемі

16

Жәрмеңке. «Гүл базарына келіңіздер!!!»

Сәуір


бұлақтарды

тазарту

ауылды дәрілік өсімдіктерді

көгалдандыру жинау

құстарға

қамқорлық

жасау








Мектептегі

Іс-шаралар

тұқым жинау

аншлаг жасау,

жаднама ғылыми-зерттеу

шығару жұмыс жүргізу

Кіріспе

Жер шарындағы барлық халықтардың табиғат ресурстарын пайдалану және қорғау туралы өзіндік ой-пікірлері мен қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Үндістандықтар сиырды пір тұтып қадірлейді. Ал кейбір халықтар аққу, дегелектерді қастерлейді. Жалпы, түркі халықтары, соның ішінде қазақ халқы түз тағыларын «қасиетті», «киелі» деп санап, ұрпақтарын оларды қорғай білуге тәрбиелеген.

Қазақ халқының бар өмір салты табиғатпен тағдырлас болған. Табиғат аясы- оның тіршілік ететін мекені.

Халық өзін табиғаттың туындысы деп ұғынып, оның байлығын көзінің қарашығындайсақтаған. Осындай салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен беріліп, асыл-мұра ретінде жеткізіліп отырды.

Біздің ата-бабаларымыз- Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би табиғатты, туған жерді қоғауға үндесе, жыраулар табиғатты аялап жырна қосқан. Одан бері – Абай, Мұхтар, Шәкәрім және кейіегі жазушы-ағартушылар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллиндердің көптеген тамаша туындылары табиғаттың әсемдігі және оны қорғау туралы болады.

Ұлттық санамыздың ерекше қасиеттерінің бірі- табиғатқа деген зор сүйіспеншілік. Ертеректе қазақ даласында болған саяхатшы жат жұрттық ғалымдар өз еңбектерінде қазақ халқының табиғат сырын, құпиясын бақылай білу қабілетін, оған деген қамқорлығын ерекше атап өткен. Мысалы, белгілі орыс ғалымы А.Н.Формозов өз еңбегінде: «Қазақтардың байқағыш көзі табиғатты тіршілік атаулыны үнемі бақылай отырып, табиғат туралы қызықты деректер мен тұжырымдарды жинақтаған» ,- деп аса жоғары бағалаған.

Кезінде қазақ даласын жаяу аралап, оның байлығын әлемге паш еткен геологиялық зерттеулердің атасы академик Қ.Сәтбаев: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», - деген еді. Бұл киелі сөздердің астарында туған өлкенің табиғатын қорғау жатыр емес пе!

Өзінің зерттеушілік қабілетімен Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі болған жаһангер ағартушы Ш.Уәлиханов: «Табиғат, адам- олардан құпия не бар?»-деп толғанады.

Басқа ұлттар сияқты қазақтар да «киелі» деген сөзге үлкен мән берген. Табиғаттың ерекше бір әсем жерлеріндегі көріністерін, мөлдір бұлақты, кейбір жануарлар мен құстарды, әсіресе түз тағыларын киелі деп қастерлейді. Аң мен құсты бейберекет ауламай, үркітпей қорғап отырған. Халық өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш», т.б. деп атап келген. Ал қарлығаш, аққу, ұлар, дегелек, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, адамдарға бақыт әкеледі деп ұясын бұзуға, оларды өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген.

Қазақ халқы туған өлкесінң табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат аппаттарын алдын ала болжап отырған.

Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. «Жер-ана, ел-бала», «Жері байдың – елі бай», «Күте білсең – жер жомарт», - деп жерді Анаға теңеп көркейтсе, ал «Тозған жерде тоқшылық болмайды», - деп жерді қорғауға шақырады. Осындай аталы сөздері мен ешбір елге ұқсамастай салт-дәстүрі бар қазақ жерінің табиғи сипаты неге өзгерді деген сұрақ туады. Әрине, біздің жеріміз әлі де бай , әлі де шұрайлы. Дегенмен Арал, Балқаш, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездегі бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған, аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кетті.

Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертеде ит- тұмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендері бойында көп болған. Ал таулы жердегі қалың ормандар кең алқапты алып жатқаны туралы деректер көп. Мысалы, 1892 жылы Абай Құнанбаевтың «Дала уәлаяты» газетінде экологиялық мақаласы жарияланған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың кесіліп, құрылысқа пайдалана бастағанын, соның салдарынан сол жердің табиғаты тозып бара жатқанын жазған еді. Бұл фактілер ерте кезден- ақ қазақ халқының экологиялық сауатты болғанын айғақтаса керек.

Халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта түлету бүгінгі аға буынының міндеті болмақ.

Тіршілік атаулы өз өмірін сақтау үшін күреседі. Сол күрес барысында шыңдалады және ақылдырақ бола түседі. Адам баласының өз өмірі, денсаулығы үшін күрес медицинаның негізін қалады

Халықтық медицина- адамзат баласының тіршілігімен бірге дамып келе жатқан сандаған ғасырдың әлеуметтік тәрбиелік көне ілімдерінің бірі. Халық медицинасы ғылыми медицинаның негізгі салаларының бірі. Халық медицинасы мен қәзіргі медицина арасында байланыстың бар екендігін иына бір аңыздан байқауға болады. Ерте, ерте, ертеде Аюп атты пайғамбар өмір сүріпті. Оның үсті басын жарақат қаптап, әр жері іріңдеп, жарылып 8 жыл азап шегіпті. Денесі сасып шіріп, адамдар жолай алмай болатын. Оған ауылдың аулақ жерден жеке үй тіккізіп, тамағын тасып беріпті. Бір күні ол тым әлсірейді де, сүт қоюлы тұрған тостағанға жете алмай қалыпты. Қатты шөлден, таңдайы кеуіп жатып, толықсып ұйықтап кетіпті. Сол мезет үйге бір жылан келеді де, тостағандағы сүтті жартылай ішіп, қайтып кетеді. Кешкі қоңыр салқынмен аздап қуат алғандай болып, жылжи-жылжи тостағандағы сүтке жетіп, сүтті ішеді. Сол-ақ екен маңдайынан бұрқ етіп тер шықты, жаны жай тапқандай болады. Қалғып кетеді, қанша ұйықтағанын кім білсін, бір сәтте оянса өне бойы жеп-жеңіл сергіп сала береді. Демек, қазіргі медицина эмблемасын, қазақ халқының жыланның алдына сүт құюында бір байланыс бар деуге болады.

Қазақ емшілігі мен дәрігерлігінің пайда болуына көз жіберсек, ертедегі бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) мен бүкіл мұсылман қауымның алғашқы дәрігері Әбу-әли Ибн-Синадан (980-1037) бастау алады. Осы ғалымдардың еңбегі, ізденісі нәтижесінде медицина ілімінің негізі қаланды, бертін келе IV ғасырда қазақ елі ел, ұлт болып қалыптасқанда өмір сүрген Өтебойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік Баян” атты үлкен ұлы еңбегі, қазақ халқы үшін медициналық энциклопедия іспеттес болды. Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік Баяны” қазақ халқының ғана емес, әлемдік медицинаға қосылған сүбелі үлесі. “Шипагерлік Баян”- философиялық халық даналығы, дүниетанымы, мәдени салт-сана және астрономиялық, психологиялық, медициналық еңбек. Ол еңбек халық ұғымына түсінікті етіп жазылып, дәлелденіп түсіндірілген. Өзінің бұл еңбегінде Ө.Тілеуқабылұлы 720 шөптен, 318 жан-жануар мүшесінен, 60-қа жуық металл құрамынан, 1050 түрлі дәрі-дәрімек жасап, оны 4577 түрлі рецеппен ұсынған. Осы ғұлама бабаларымыз емдік қасиет үшін пайдаланып келген дәрілік өсімдіктер туралы айтуды өзіме жөн санадым. Біздің өлкемізде табиғат жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы, шөлейтті, шөлді, т.б көптеген аймақтарға бөлінеді. Міне, осындай ұланғайыр өлкеміз өсімдіктер дүниесіне мейлінше бай және алуан түрлі.

Республика аумағында 6000-ға жуық өсмдіктер түрлерін кездестіреміз. Осы өсімдіктердің ішінде дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің маңызы зор. Біз өзіміз тұратын өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктерді жинап, кептіріп, олардың қандай ауруға ем ретінде қолданылатынын зерттеуді қолға алып отырмыз.

Болашақта Федоров ауылында мынадай игі істер атқарылмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет