Мендуана- биіктігі 120 см-дей, сабағы тік өсетін
екіжылдық шөп өсімдігі. Тамырының жер бетіне
жақын жағы жуан келеді. Жапырақтары ірі,
тілімделген, өсімдік сабағына кезектесіп
орналасқан . Гүлдері сары түсті, ерекшк иісі бар.
Шілде- тамыз айында гүлдейді де, тамыз-
қыркүйек айларында дәндері піседі. Дәндері
уақ, көп болып қауашақтар ішінде орналасқан.
Мендуана еліміздің, соның ішінде Қазақстанның
оңтүстік өлкелерінде көп тараған. Көбіне тұрғын
үйлер арасында және пайдаланудан қалған жерлерде өседі.
Дәрілікке мендуананың дәні мен жапырағы пайдаланылады. Оның құрамында атропин, гиосциамин, скополамин сияқты алколоидтар болады. Бұдан жасалған дәрілер демікпе, көз, тіс ауырғанда қолданылады. Демікпеге шалдыққанда ішетін астматолла ұнтағының құрамына кіреді. Спиртке, болмаса араққа салып тұнба жасайды. Ол үшін 1 ас қасық уақталған мендуана жапырағына 100 мл қайнаған суға тамызып, күніне 3 рет ішеді. Бұдан басқа 0,25 грамм уақталған жапыраққа 100 мл қайнаған ыссы су құйып, ол қара қою массаға айналғанша қайнаитады. Осы массаның шай қасықтың 1/20 бөлігін алып жарты стақан суға ерітеді. Осы ерітіндінің 2 тамшысын бір ас қасық суға тамызып, күніне 3 рет мезгіл ішу керек Мендуананың улы қасиеті күшті, сондықтан алдын ала дәрігердің кеңесін алған жөн. Негізінде меңдуананың дәріханаларда сататын майы, экстрактларын пайдаланған дұрыс.Осы себептен де ол пісіп жетілген уақытта әсіресе балалар оның қауашығына және жұмсақ әрі уақ тары сияқты дәндеріне қызығып жеп қоюы да мүмкін. Осыдан сақ болу керек. Мыңжапырақ- биіктігі 10-120 см, көпжылдық шөп өсімдігі. Тамыры тарамданған жіңішке келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері уақ, әр түрлі түсті болады. Сабақ басында гүл себетін құрады. Шілде- тамыз айларында гүлдейді. Дәрілікке гүлі, жапырағы, алколоидтар, эфир майы, С витамині, каротин, органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады. Осы шөптен жасалған тұнба қан аққанда тоқтатуға, асқазан ауруларын, әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады. Тұнба дайындау үшін, бір ас қасық кептіріліп, уақталған шөпті ыдысқа салып үстіне бір стақан жылы су құйып 15 минут қайнатып, содан кейін 45 минут үй ішінде салқындатып тұндырып сүзеді.Осылай дайындплған тұнбаны күніне 3 мезгіл 1 ас қасақтан тамақмтан кейін ішеді .
Өгейшөп- тамыр сабақтары ұзын көпжылдық
өсімдік.
Достарыңызбен бөлісу: |