2.Өсімдіктер маңызы мен құндылығын халыққа насихаттау. 3.Өсімдіктер дүниесін қорғауға жаппай атсалысу. 4. Саны аз, шипалы өсімдіктерді мәдени түрге көшіру, түрін сақтап қалу. 5.Көгаландыру, ағаш егу айлығын жариялау, күзде-қыркүйек, көктемде –сәуір айы. 6.Ауылдың келбетін өзгерту. 7.Әр үй, әр оқушы екі ағаштан отырғызуды міндетіне алу. 8. “Қазақстан-2030” әлеуметтік экономикалық бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысу. 9.Әр адамның экологиялық сауаттылығын және табиғатты қорғау заңдарын білуін қадағалау. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасы дағына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрімектердің 78%, ішек-қарын, бауыр, жүрек дәрілерінен 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі-дәрімектерінің 80%, қан тыятын дәрілердің 65% тек өсімдіктерден алынады. Орман-тоғайлар, әр түрлі шөптер адамдарға қанша пайда келтіретінін түгел санап шығу мүмкін емес. Алам балысы ақылы мен еңбегінің арқасынада жабайы өсімдіктерден тұқым алып, 2000-нан астам мәдени өсімдік түрлерін қолдан өсіріп шығарды. Өзіміздің ауылымызда өсетін көптеген жергілікті дәрілік өсімдіктерді пайдалану әдістері туралы бірнеше мәліметтер жинадық. Ауылымыздың тұрғындары алуан түрлі өсімдіктер, тағам, отын ретінде пайдалана жүріп, оларды кейбіреулерін, дертке шипа болатынын және оларды дерттің жеңіл-желпі түрлеріне қолданылуын біледі.
Өсімдік жайында не білесіз?
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлерерлік дәрігерлері бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз т. б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинауымен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсіруімен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялары ұйымдастырып отырған.Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктері Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын , қақырық түсіуін жеңілдететін топтарға бөлген. Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуге үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз рөль атқарған . Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ау-руларды емдеуге қалай пайдалануға болатындағы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілк заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған. Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрі- герлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізетін әсері де өте үлкен. Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан. Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықаралық да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармокологтары өз елінің флорасынан өсімдіктін сегізі жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдерінін білімі негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көб басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген .Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши-Чжен XVI ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру , одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген. Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб-ас-сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уаққыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр I кезінде Петербург қаласында дәрілік бау- бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, таби-ғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көп теген өсімдіктер (кенедән, адыраспан т.б ) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.
Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы «О сборе и культуре лекарс- твенных растений» деген арнайы декаркт жарияланып, дәрігерлік мекемелерге дә рілік өсімдіктер өндіру жұмысын жақсарту міндеттелді. Бұл жұмысты әрі қарай күшейту жұмысында 1925 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтық кеңес өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру үшін Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылған. Осындай маңызды ша- ралардың іске асырылуы арқасында дәрілік өсімдіктердің кең түрде деңсаулық сақтау ісіне пайдаланылуы ғылыми тұрғыдан қаралып, дұрыс жолға қойыла бастады.
Бұл шаруашылықтар елімізге керекті шикізаттың алпыс процентін ғана қамтамасыз етеді. Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жұмыс. Мысалы, фармацефтік өңдірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна қазтабан гүлін кептіріп алу үшін төрт мың тонна жас гүл шоғын 2 апта ішінде жинап үлгеру керек. Өйткені, жинау мерзімі өтіп кетсе, ол қурап, пайдасыз болып қалады. Міне, осыншама мөлшерде және тығыз уақыт ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспеді. Дегенмен, жұмыстың ауырлығына қарамастан, халыққа керекті препараттарды дайындау үшін 1950 жылы он алты мың тонна, 1960 жылы отыз мың тонна, 1970 жылы отыз мың тонна, 1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жиналды. Бұл өсімдіктердің стрихнин, атропин, платифилин, резерпин, хинидин, аймалин, т. б. көптеген препараттар алынды. Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 пайызы осы дірілік өсімдіктерден жасалған .
Дәрілік өсімдіктер ... Өсімдікердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлименттер, блок, углевод, май, со- ның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланды. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиеттің арқасында олар көптеген елдерде жалпы тағамның бір түрі болып есептеледі. Франция тұрғындары қайнаған ыссы суға қантты езіп, аюбалдырғанның уақталған жапырақ сабағының үстіне құйып тәтті тағамдар жасайды. Ал солтүстік жақтың тұрғындары аюбалдырғанның жас бұтақтарын уақтап салат жасайды немесе басқа тағамдарға қоспа ретінде пайдаланады. Оның әсіресе дәні мен екі жылдық тамыры хош иісті келеді. Сондықтан оларды ыстық тағамдарға дәмдеуіш ретінде, тағам толық пісуге 3-5 минут қалғанда қосады. Жаңа жиналған тамырынан тосап, цукат жасайды. Кептірілген тамыр ұнтағын жұпар иіс беру үшін нан илегенде ұнға араластырады. Тамыр ұнтағын қуырған етке ( әзір болуға 5-7 минут қалғанда ) салуға, шай демдегенде қосуға болады
Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер.
Итмұрын -көп сабақты, тікенді кішілеу бұта.
Гүлдері қызғылт тусті, жемісі қызыл, әндерін
тікенекті тук басқан.
Еліміздің барлық жерлерінде, соның ішінде
Қостанай облысында да тараған. Тоғайлы
жерлердің ашық алаңдарында, бұталар
арасында өседі.
Дәрәлікке жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады . Жемісінде С, А,В, К, Р витаминдері, ал дәнінде Е витамині бар. Итмұрын тұнбасын асқазан жұмысын реттеуге, бауыр, бүрек, қуық ауырғанда ішеді. Кептіріліп, уақталған итмұрын жемісінің бір ас қасығын ыдысқа салып, үстіне екі стақан ( 400 мл ) қайнаған ыссы су құйып 10-15 минут беті жабық ыдыста қайнатады. Тұнбаны салқындатып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдынан 0,5-1 стақаннан ішеді. Бұдан басқа кепкен жемістің 40-50 грамын қайнаған 1 литр ыссы суға салып, тұндрып күніне үш мезгіл жарты стақаннан ішуге болады. Ал гүлін шай ретінде ішуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |