Таза ауада демалыс.
Ғылыми зерттеу журналы
№
|
Уақыты
|
Зерттеу жұмысының мазмұны
|
Жұмыстың мақсаты
|
1
|
Қыркүйек 2009 ж
|
Алғашқы зерттеу тақырыпты анықтау
|
Тақырып бойынша сұрақтар әзірлеу
|
2
|
Қыркүйек
|
Негізгі мәселені анықтап, жұмыстың алғашқы күнтізбелік жоспарын құру
|
Ғылыми-зерттеу журналын құру
|
3
|
Қыркүйек
|
Әдістемелік нұсқалармен, газет, журналдардағы ақпаратымен жұмыс
|
Мәселенің зертелген дәрежесін білу
|
4
|
қазан
|
Тақырып бойынша керекті әдебиеттермен танысу
|
Материалдарды жинақтау. Картотека құрастыру.
|
5
|
қазан
|
Өсімдіктер дүниесі туралы мағлұматтар жинау.
|
Материалдар қорын жүйелеу.
|
6
|
қараша
|
Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер жайлы мағлұматтар жинау.
|
Қосымша зерттеулер жүргізу.
|
7
|
қазан
|
Кіріспенің алғашқы нұсқасы.
|
Негізгі мәселенің актуалдығын дәлелдеу.
|
8
|
қазан
|
Дәрілік өсімдіктерді жинап кептіру.
|
Зерттеу әдістерін анықтау.
|
9
|
желтоқсан
|
Дәрілік өсімдіктерден қоспалар әзірлеу.
|
Қасиеттерін анықтау.
|
10
|
қантар
|
Зерттеу нәтижелерін құрастыру.
|
Жұмыстың алғашқы нұсқасын құрастыру.
|
11
|
қантар
|
Қосымшаларды дайындау.
|
Қорытындылау және жұмыстың актуалдығын бағалау.
|
12
|
ақпан
|
Пайдаланған әдебиеттердің тізімін анықтау. Тізім жазу тәртібімен танысу.
|
Пайдаланған әдебиеттердің тізімін жасау.
|
13
|
ақпан
|
Жұмысты толық құрастыру.
|
Жұмысты қорғауға дайындық.
|
14
|
наурыз
|
Оқушылардың аудандық ғылыми-сарамандық конференциясында жұмысын қорғау.
|
|
Ғылыми жетекшісі: Оспанова С.Қ.
Рецензия
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жағдайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы.
Өсімдік – тіршілік көзі, өзегі. Біздің өлкеміз дәрі – дәрмек қоймасы. Сондықтан сан алуан шипалы өсімдіктерді білу, оның түр – түсін ажырату, мезгілінде жинап, кептіріп, олардан дәрі – дәрмек дайындауды жалпы меңгеру қажеттігі дәлелдеген.
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлағын қорғауға көмектесетіні көрсетілген. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындаса жаңға шипа, зертке дауа болары сөзсіз екендігі осы жұмыста анықталған.
Бұл жұмысты жүргізгенде оқушылар өз бетінше ізденіп, шығармашылық қасиеттерін көрсеткен. Ақыл – ойы, ғылыми дүниетанымы, экологиялық мәдиниеттілігі қалыптасқан.
Ғылыми жұмыс істегенде оқушылар өздерінің қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуін, ізденістер, тәржібиелер жасай білетіндерін, өз бетінше бақылаулардың нәтижелерін қорытындылай білетіндерін көрсеткен.
Оқушылардың экологиялық сауаттылығы мына көрсеткіштер арқылы бағаланады: білім, ықылас, назар, ниет, арман, дүниетаным, сенім.
Бұл жүргізілген тәржібиелер барысында жергілікті аймақтың экологиялық мәселелерін оқып – білуге ынталары анықталған. Өйткені, олар қоршаған орта жағдайының өз денсаулығы мен өміріне әсер ететінін түсінген.
Ғылыми жұмысты қорғағанда өз мәдениеттерін, ғылыми тілде сөйлеуіне, ұлттық дәстүрді қадірлеуіне, адамгершіліктеріне, ізгілігтеріне назар аударылды. Оқушылар өз - өздеріне баға беруге, өз бетімен іздене білулеріне дағдылары байқалды.
Ғылыми жұмыс тартымды және қызғылықты. Биология, валеология, жаратылыстану сабақтарында пайдалануға болады.
Ғылыми жетекшісі Оспанова С.Қ.
Сын – пікір.
Табиғатты танып, оның тіршілігін оқып үйрену мен аялап, қорғау мектеп қабырғасында қалыптасып, дамитын көп аспектілі, кешенді тәрбие көзі. Соның маңыздыларының бірі – туған өлкенің дәрі – дәрмектік қасиетті бар өсімдіктерін танып, біліп, оларды сақтау мәселесі. Себебі, адам баласын сан түрлі сырқаттан айықтыруға жергілікті жердің табиғатың, онда өсетін өсімдіктердің қосатын үлесің біз көзі лізбен көріп, күнделікті өмір тәжірибиесінде дәлелдегенін байқап жүрміз. Қазіргі кезде елімізде медицинада қолданылатын әрбір үшінші препараттың өсімдіктерден алынуы, олардың медициналық рөлін айқын көрсетеді.
Адам баласы алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ өсімдіктерді құрғатып, кептіріп, кейбір ауруларға дәрі ретінде пайдалана білген.
Бұл ғылыми еңбекте көрсетілген жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді көгаландыруға пайдаланудың эстетикалық, экологиялық, медициналық мәні өте жоғары. Бұл еңбек арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосудамыз. Ауданымыздағы әр ауыл өсімдіктер дүниесін зерттеп, жинақтап шығарсақ нұр үстіне нұр болар еді. Ауылда әлі де зерттелмеген өсімдіктер баршылық. Өлке жабайы өсімдіктер дүниесіне бай, оларды қорғап сақтап қалу үшін ерекше қамқорлық қажет.
Ауылдағы емдік шөптерді жинап, құрамына қарай дәрі – дәрмек жасайтын өндіріс ашылса, оны жергілікті халық пайдаланар еді.
Бұл жұмыс нәтижелі, себебі біздің мектепте биыл денсаулықтары нашар балалар тобы ұйымдастырылды. Бұл оқушылар әр түрлі аурулардың әсерінен ауыр жұмыс істей алмайды. Сондықтан олар осы еңбекте аталған өсімдіктерді, олардың тұқымдарын жинады. Таза ауада, ормандарға, су басына барды. Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтерді осы еңбектен алды.
Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір сүруге, нашақорлар мен шылым шегушілерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру, экологиялық таза табиғат денсаулық негізі екендігі айқын айтылған. 2030-дың Қазақстаны ауасын таза, суы мөлдір, көркейген ел болады деп айтқан президенттің тілегіне қосыламыз, осы арман орындалса, нұр үстіне нұр болар еді.
Кейінгі жылдары медицина ғалымында шөптердің емдік қасиеттеріне, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударуда. Қазіргі кезде шөптен емдеу фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем – домды» дәрілік өсімдіктерден іздеуміз керек. Бұған дәлел халық нақылы: «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады». Шындығында өзіміз табиғат берген бйлыққа көңіл аудара бермейміз. Сол байлықтың бірі – емдік шөптер. Емдік шөптердің көбі үйіміздің жанында, бау – бақшамызда, жол бойларында кездеседі. Өсімдіктер сырқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Сондықтан да емдік шөпті тамырымен қопарып жатқанда ертеңіміз де, келер ұрпақ та есіңізде болсын.
Дана қазақ халқы «бірінші байлық денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін «мысқалдап кірген ауруды» өз өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктерімен ақ емдеп жазуға болады.
Дәрілік өсімдіктермен әуестену біріншіден, денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейсіз, үшіншіден, табиғат байлығын қорғауға үлес қосасыз. Дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар, табиғат байлығын қорғауға да атсалысасыз.
Ғылыми жетекші: Оспанова С.Қ.
Достарыңызбен бөлісу: |