Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіру, сөйлемнің сөздерден құралатынын



Дата25.01.2017
өлшемі53,74 Kb.
#7755
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіру, сөйлемнің сөздерден құралатынын,

сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын меңгерту.



Дамытушылық: Жаттығулар орындау арқылы сөйлем туралы білімдерін тереңдету.

Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың сөз байлықтарын молайту.



Тәрбиелік: Жинақылыққа,ұқыптылыққа,мейірімділікке,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,талдау.

Көрнекілігі: оқулық,интербелсенді тақта,суреттер.

Пән аралық байланыс:

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып,түгелдеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық:

Үлкенге де, сіз

Кішіге де, сіз

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ –жауап әдісі

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтіннің неше түрі бар?

-Мәтін неше бөліктен тұрады?



III.Үй тапсырмасын пысықтау:

Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.

Мақта қыз бен мысық (ертегісі)


оқиғаның басталуы




оқиғаның одан әрі қарай дамуы




оқиғаның аяқталуы








Тірек сөздерді пайдаланып , сипаттау мәтінін құрастыр.
Жүзім

дәмі түсі

түрі

IV. Жаңа сабақ.

Ребусты шешсек,бүгінгі өтетін тақырыбымыз шығады.

Балалар ребустан қандай сөз шықты? (Сөйлем)

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы сөйлем.Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру.

1.Сөз нелерден құралады ? (әріптерден)

2.Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)



Мысалы: Мен екінші сыныпта оқимын. (Осы сөйлемді талдау)

Сөйлем

Бір-бірінен бөлек жазылатын Аяқталғаннан кейін тыныс Бірінші сөзі бас әріптен




Нүкте

Сұрау белгісі

Леп белгісі
сөздерден құралады. белгісі қойылады. басталып жазылады.


Сөйлем


Айтылу мақсаты мен сазына қарай





Лепті сөйлем


Хабарлы сөйлем





Сұраулы сөйлем
Мұғалім сыныпқа кірді.




Қыс мезгілі қандай керемет!

Лепті сөйлем адамның көңіл,сезімін білдіреді.

Сөйлем аяқталған соң ! белгісі қойылады






Сабақ қашан басталды?
Хабарлы сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

Сөйлем аяқталған соң нүкте қойылады.





Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.


Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны білдіреді.

Сұраулы сөйлемнен соң ? белгісі қойылады.


164-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқы. (ауызша)
Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, Шекарашылар күзетте тұрады.Олар еліміздің

олар, тұрады. шекарасын қорғайды.



Қайысы сөйлем ? Неліктен?


Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң не нүкте (.),не сұрау белгісі (?),не леп белгісі (!) қойылады.




165-жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.



166-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.

Шанамен Ақан сырғанады.

Ол абайсызда шанадан айырылып қалды.

Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.

Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

167-жаттығу. (ауызша орындау)

Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.

Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?



Ойын. «Адасқан сөйлемдер» ойыны

Оқушылар осы сөйлемдердің тыныс белгілерің тауып,қою керек.









1.Алақай,қар жауды

2.Қыста шанамен ойнаймыз

3.Қыста не жауады
. /// ? !!! !

Жұмбақ жасыру:

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын. (Сөйлем)

V.Қорытынды:

1.Бүгінгі сабақта не туралы өттік? (сөйлем)



2.Сөйлем дегеніміз не?

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма:

168-жаттығу. Ребусты шешіп,шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет