Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет166/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Патологиялық материал
ретінде жас өлексе немесе жілікті сүйек,
өті бар бауыр үлгісі, көк бауыр, бүйрек, жүрек, екі жағы байланған ащы
ішек кесіндісі алынады. 
Лабораторияда өлексені жарып, материалдардың үлгілерін
ЕПС,ЕПА, Эндо немесе Левин орталарына себеді. Бауыр, бүйрек, лимфа
бездері, көк бауыр және бас миының үлгілері таңба тәсілімен Петри
шыныларындағы агарға себіліп, термостатқа қойылады. Сонымен қатар
аталмыш материалдардан жағындылар жасалып, Грам тәсілімен
боялады.
 
Микроскопиясы.
 
Аспа тамшы препаратында олардың
жылжымалық қасиеті зерттеледі. Әдетте 
E. coli 
перитрих (жылжымалы),
кейде олардың жылжымайтындары да кездеседі. Қоздырғыштың
ұштары
 
дөңгеленіп келген таяқша тәрізді, грам-теріс, спора мен капсула
түзбейді (56-сурет). Тек кейбір
серотоптарының
(08,09,0101)
капсулалары болады. Олардың
ұзындығы 1-3 мкм, ені 0,8 мкм. Эндо
және Левин орталарында өскен
колонияларды ЕПА, ЕПС құйылған
шыны түтіктерге қайта себеді. Пайда
болған таза өсінділердің биохимиялық
және антигендік қасиеттерін анықтау
үшін арнайы дифференциалды
диагностикалық орталарға себеді. Ал
патогендік қасиеттерін биосынама қою
арқылы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет