Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет169/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Антигендік құрылымы.
E. coli
жасушасында үш түрлі антиген
бар: О-соматикалық, К-қабықшалық және Н-жіпшелік.
О-антиген
термостабильді, жасуша қабырғасында орналасқан,
құрамы липидті-полисахаридті-протеинді кешеннен құралған. О-антиген
100ºС температурада 2,5 сағат шыдайды.
К-антиген
беткейлік,
қабықшалық антиген. Өздерінің қасиеттеріне қарай олар B, L, A. деген 3
типке бөлінеді.
В-антиген
термолабильді, 100ºС-та 1 сағатта
белсенділігін жояды.
L-антиген
термолабильді, 60ºС-та 1 сағатта
белсенділігін жояды. L-антигені бар ішек таяқшасы тышқандар үшін
улы, некрозға және эритроциттерді лизиске ұшыратқыш қасиеттері бар.
Мұндай бактериялардың колониялары мөлдір болмайды. А-антиген
термостабильді, олар кілегейлі және капсула түзгіш штамдарында
болып, 120ºС-та 2,5 сағатта талқандалады. Осындай антигендері бар тірі
жасушалардың агглютинабельдік қасиеттері болмайды.
Н-антиген
белокты болады. Олар термолабильді, бірнеше ондаған түрлері болады.
Бөлініп алынған эшерихиялардың серологиялық типін
агглютинация реакциясында агглютинирлеуші О-коли сарысуларының
көмегімен анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет