Эшерихиоз



бет1/3
Дата23.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#169961
  1   2   3
Байланысты:
Рай Н

Эшерихиоз

Жоспар:

Эшерихиоздар – Ішек таяқшаларын тудыратын аурулар.

  • Эшерихиоздар – Ішек таяқшаларын тудыратын аурулар.
  • Синонимі: Коли инфекциясы, эшерихиоз, коли бактериоз. Екі түрге: энтеральді және прентеральді эшерихоздарды ажыратады.
  • Энтеральді - көбінесе ас қорыту жолдарын зақымдайтын
  • жұқпалы аурулар, оның қоздыргыштары E.Coli- дің диареегенді штамдары болады.
  • Парентеральді – кез келген мүшені зақымдаумен жүретін E.Coli- дің шартты патогенді штамдарымен тудырылады.
  • Ішектің таяқшаларын 1886 жылы Австия ғалымы Т. Эшерих ашып, E.Coli деп атады. Г.Н. Габричевский экспериментте ішек таяқшаларының токсин құратынын және ішек инфекциясын беретінін дәлелдеді. Ф.Кауфман E.Coli дің классификациясын жасады.

Сипаттамасы

  • Эшерихиоз шеттері домалақтанған,ұсақ, грамм теріс таяқшалар, жағындыда бейберекет орналасқан, спора түзбейді, кейбір штаммдары микрокапсулаға ие,көлемі 0,4 – 0,6 мкм. Антигенділігі – күрделі.Соматикалық О антиген, талшықтық Н антиген, соматикалық беткейлік К антигені бар. Практикада қай топқа жататынын оның номерлерімен көрсетеді: 01,025,0152 және басқалар. Қазіргі уақытта адамға патогендігі бар Эшерихиоздар 3 топқа бөлінеді: энтеропатогендік, энтероинвазиялық және энтеротоксикалық ішек таяқшалары.

Көбеюі

  • Дақылды өсіру кезінде ішек таяқшасы факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз 37 градуста және рН 7,2- 7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайлану түрінде өседі және тығыз қоректік орталарда кәдімгі колониялар түзеді.
  • Ферменттік белсенділігі. E.Coli жоғары ферметтік белсенділікке ие. Ішек таяқшасы 24 сағат бойы лактозаны ыдырататын Enterobacteriaceae тұқымдасының өкілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет