Микробиологиялыќ зертхана


МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР



Pdf көрінісі
бет4/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР
Микробиологиялық зертханада
студенттер микробиологиялық,
серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгере отырып,
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні
бағдарламасының мәселелерімен танысады.
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге
жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен,
плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны
түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе
тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады. 
Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып
тексеруге арналған кішірек үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын
қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және
жуу, стерилдеу, қоректік орталарды дайындау, бокс, препарат,
термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да
бөлмелер болуы керек.
Жуу бөлмесінде
үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары,
кептіргіш, ауа сорғыш шкаф және басқа шкафтар болады. Ауа сорғыш
шкаф судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын
реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл жердің едені мен
қабырғалары кафельмен қапталады.
Стерильдеу бөлмесінде
бір немесе екі бумен стильдейтін
қондырғылар мен үстелдер болады. Стерильдеу бөлмесінде
стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын
кетіру үшін бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне
дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік арқылы сыртқы ортаға
шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бұл бөлменің
есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылғаны жөн.
Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің
қабырғалары плитамен
қапталады немесе майлы бояумен сырланады, ал еденіне плита немесе
линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны түтіктерге
құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер,
қоректік орта компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сұйық
орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафтар болады. 
Термостат бөлмесінде
әр түрлі көлемдегі термостаттар
орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды өсіруге арналған
термостаттың температурасы 20-25ºС, көптеген сапрофитті
микроорганизмдерге 25-30ºС, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына
35-37ºС, ал термофильді микроорганизмдерді өсіру үшін 40-45ºС-ге
реттелген термостаттар болады.
Препарат бөлмесі –
зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті
құралдарды дайындауға арналған жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына
6


керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, дистиллятор,
таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі –
стерильді жағдайда микроорганизмдер өсінділерін
себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі
бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей
әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен
сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий
гидрокарбонатын (2-3%-ды ас содасы), 3-5%-ды карбол қышқылы және
басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып,
жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм ультракүлгін
сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.)
30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерильдейді. Бактерицидтік
лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені
ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.
Виварий –
ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз
шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды
күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және
сабақ өткізу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет