Электронды микроскопия. Бактерияларды, вирустарды,
жануарлар мен өсімдіктері жасушаларының ультра құрылысын зерттеу
электронды микроскоптың көмегімен іске асады (3-сурет). Зерттеуге
алынған объектінің кескіні электрондардың тасқыны арқылы алынады.
Электронды микроскоп құрылысының принципі электрондардың магнит
өрісінде магнитті линзалар ауытқу қасиетін қолдануға негізделген.
Магнит өрісі электрон
топтарын фокусқа түсіреді.
Электрондардың көзі ретінде
электр тоғымен қыздырылатын
вольфрам сымы қызмет етеді.
Объект кескіні электронды
микроскоптың
көмегімен
500 000-нан аса ұлғайтылады.
Электронды микроскопияның
ұлғайту дәрежесі ангстреммен
өлшенеді. Қазіргі кезде
электронды микроскоптардың
отандық және шетелдік әр
түрлі үлгілері бар.