Микробтық АҚуыздарды өндіру технологиясы және продуценттердің сипаттамасы. ӨСімдіктер мен бактериялардың тыңайтқыштарын қОРҒАУҒа арналған микробиологиялық заттар



бет1/7
Дата21.10.2023
өлшемі48,84 Kb.
#187325
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 Дәріс МБ


3 дәріс тезисі
МИКРОБТЫҚ АҚУЫЗДАРДЫ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПРОДУЦЕНТТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ. ӨСІМДІКТЕР МЕН БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАР

Дәріс жоспары:


1. Адам мен жануар қоректенуіндегі ақуыздың маңызы
2. «Керемет ақуыз» ұғымы
3. Ақуыз алудың микробиологиялық әдістерінің артықшылықтары
4. Микробтық биомасса алынуы үшін қолданылатын шикізаттар
5. Бактериалдық тыңайтқыштар
6. Энтомопатогенді препараттар


Адам мен жануар қоректенуіндегі ақуыздың маңызы
Ақуыздар, немесе протеиндер деп (грек. ргоtos;- бірінші, бастапқы) жоғары молекулярлы табиғи құрамында азоты бар қосылыстарды атайды, олардың молекулалары аминқышқылдары қалдықтарынан құралады. Ақуыздар аминқышқылдарынан синтезделеді де асқазан-ішек торабында қорытылған кезде немесе организмдегі катаболизм есебінен аинқышқылдарына айналады. Табиғи аминқышқылдарының саны шамамен 150, бірақ тағам ақуыздарының құрамына тек 20 жекелеген аминқышқылдары ғана кіреді.
Ақуыздар барлық тірі жасушалардың міндетті құрамдас бөліктері болып табылады. Адам денесінің бестен бір бөлігіақуыздардан тұрады. Ақуыз барлық дерлік органдар мен ұлпаларда болады. Тек несеп пен өтте нормаға сәйкес ақуыз болмайды. Барлық ақуыздың жартысы бұлшықеттерде болады, сүйектер мен сіңірлердегі үлесі - 1/5, теріде –1/10. Шәш, тері, тырнақта да кератин ақуызы болады. Бұл ақуыз құбылысқа шалдықпайды, ішекке сіңбейді.
Ақуыздардың биологиялық қызметтері алуан түрлі. Жасушалар көбеюі мен өсуі осы ақуыздардың тікелей қатысуымен өтеді. Олар каталитикалық (ферменттер), реттеуші (гормондар), құрылымдық (коллаген), жиырыу (миозин), транспорттық (гемоглобин, миоглобин), қорғаныс (иммуноглобулиндер, интерферон), қор жинау (альбумин) және өзге қызмет түрлерін атқарады. Ақуыздар жасуша мен жасушалық органеллалардың маңызды құрамдас бөлігі – биологиялық жасушалық мембраналар негізіне кіреді.
Ақуыздар қатысуы мен организмдегі қалыпты су тепе-теңдігі, ортаның қалыпты рН сақталынады. Қанның ақуыздары онкотикалық қысым қалыптастырады, ол сұйықтықты тамырларда ұстап, жасушадан тыс кеңістікке сұйықтық жиналына жол бермейді. Ақуыздар деңгейі төмендеген кезде қан плазмасында онкотикалық қысым осмостық қысымды тепе-теңдікте ұстай алмайды, салдарынан бұл қысым тамырлардан сұйықтықты кері итеріп шығарады. Бұл домбығып, ісінулерге әкеліп соқтырады («аштық домбығулары»).
Қоректену тұрғысынан алғанда ақуыздар – адам мен жануарлар қорегінің маңызды құрамдас бөлігі. Олар организмге қажетті аминқышқылдарының көзі болып саналады.
Ересек адамға орта дәрежедегі физикалық күш түсуі кезінде күнделікті тағам арқылы шамамен 12,5 кДж (3000 калория) алу керек екендігі, мәлім. Осы шамадағы энергия қажеттіілігін75 г. қант өтей алады. Дегенмен, тағам адамды тек калориямен ғана қамтамасыз етіп қоймайды. Организмге ескірген жасушалар мен ұлпалардың өсуі мен регенерациялануы үшін материал қажет, сондықтан, тағамда ақуыздар, майлар, витаминдер болуы керек.
Кейбір бейресми есептеулер бойынша жершары ауқымында тағамдық ақуыз тапшылығы жылына 15-25 млн.т құрайды екен, мұны тағам өнімдерінің тапшылығымен және толық құнды болмауымен түсіндіруге болады. Малшаруашылығын интенсификациялау да азықтық ақуыз өндірісін күрт жоғарылатуды талап етеді, себебі жоғары өнімді сүтті сиырлар, сондай-ақ, бордақыланатын малдар өсімдік текті азықтарда тапшылық танытатын қосалқы ақуыз көздеріне мұқтаж.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет