Микроэкономика” пәнінен тест сұрақтары 1-тақырып. Микроэкономикаға кіріспе



бет2/11
Дата14.01.2023
өлшемі97,79 Kb.
#165499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ìèêðîýêîíîìèêà” ï?í³íåí òåñò ñ?ðà?òàðû 1-òà?ûðûï. Ìèêðîýêîíîìèêà

Баға (теңге)

Сұраныс көлемі

Ұсыныс көлемі

500

300

150

700

250

200

1000

220

220

1200

150

300

1300

160

250

A) P=700; Q=250
B) P=1200; Q=180
C) P=500; Q=300
D) P=1000; Q=220
E) P=1300; Q=150.

$ 47. Табыс өскен кезде тауарға деген сұраныс өсті. Қандай тауар қарастырылып отыр:


A) Қалыпты (нормалды).
B) Бағалы заттар.
C) Төменгі сапалы.
D) Гиффен тауары.
E) Жаңа тауар.
$ 48.
Сұраныс D=10-2P және ұсыныс S=4+P функциялары берілген, мұндағы P-товардың бағасы. Товардың тепе-теңдік бағасы қандай:
A) 1.
B) 3.
C) 2.
D) 2,5
E) 6/5.

$ 49.
Сұраныс қисығының толық өзгеруіне әкеліп соқтыратын


факторлар қалай аталады:
A) Бағалық емес.
B) Бағалық.
C) Негізгі.
D) Тәуелді.
E) Тәуелсіз.

$ 50.
Сұраныс функциясы Qd=10-2p берілген, мұндағы p- тауардың


бағасы, Qd- сұраныс көлемі. Бағаның қай шамасында тауарға
деген сұраныс нольге тең болады:
A) –5.
B) 1/2.

  1. C) 5.

D) 10.
E) 2.

$ 51.
Сұраныс Qd=10-2p және ұсыныс Qs=4+p функциялары берілген,


мұндағы р- тауардың бағасы. Егер мемлекет бағаны 4 деп
белгілесе, онда нарықта төмендегілердің қайсысы орын алады:

  1. A) Артықшылық-6.

B) Жетіспеушілік-2.
C) Тепе-теңдік.
D) Артықшылық-4.
E) Жетіспеушілік-3.

$ 52.
Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысу нүктелері төмендегілердің қайсысын сипаттайды:



  1. A) Тепе-теңдік көлем мен тепе-теңдік бағаны.

B) Жетіспеушілікті.
C) Артықшылықты.
D) Жоғары деңгейдегі өнім шығаруды.
E) Жоғары деңгейдегі бағаны.

$ 53.
Сүзбе мен ірімшікті қандай тауарлар деп атаймыз:


A) Бірін-бірі толықтыратын.

  1. B) Бірін-бірі алмастыратын.

C) Бір-біріне қатысы жоқ.
D) Құнсыз тауарлар.
E) Бірге қолданылатын тауарлар.

$ 54.
Егер бензиннің бағасы төмендесе, онда автомобильге деген


сұраныс қалай өзгереді:

  1. A) Солдан оңға қарай жоғары.

B) Оңнан солға қарай төмен.
C) Тепе-теңдік қалыптасады.
D) Ешқандай өзгермейді.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 55.
Қара бидайға ұнының бағасы төмендеген жағдайда:


A) Ақ бидайға деган сұраныс қисығы оңға жылжиды.

  1. B) Ақ бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды.

C) Ақ бидайдың теңдестік бағасы жоғарлайды.
D) Ешқандай өзгеріс болмайды.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 56.
Тұтынушылар алдағы уақытта аудио және видео тауарлары арзандайды деп естиді. Демек:


A) Бұл тауарларға деген сұраныс қисығы солға жылжиды.
B) Аудио және видео тауарларын сату көлемі азаяды.
C) Бұл тауарларға деген сұраныс азаяды.
D) Бұл тауарды ұсыну көлемі азайады.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 57.
Егер жеке сұраныстар туралы мәліметтер берілген болса, нарықтық сұраныс қалай табылады:


A) Белгілі бір бағаға сәйкес келетін сұраныстардың көлемін қосу арқылы.
B) Белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосу арқылы.
C) Кез келген тұтынушының ең көп сұраныс көлемі арқылы.
D) Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіру арқылы.
E) Сұраныс көлемдерін азайту арқылы.

$ 58.
Ұсыныс дегеніміз:


A) Нарықтағы теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемі.
B) Тұтынушылардың сатып алғысы келетін заттарының көлемі.
C) Сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатуға қабілеті жететін заттарының көлемі.
D) Нарықтағы теп-теңдік жағдай.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 59.
Нарықтағы сұранысқа төмендегі көрсеткіштердің қайсысы әсер етпейді:


A) Тұтынушының табысы.
B) Алмастыратын тауарлардың бағасы.
C) Ресурстар бағасы.
D) Сатып алушылар саны.
E) Тұтынушылардың талғамы.

$ 60.
Ұсыныс функциясы төмендегі көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті көрсетеді дейміз:


A) Сатылатын заттың бағасы мен шығындардың.
B) Заттың сатылатын көлемі мен оның бағасының.
C) Технология түрі мен шығындардың.
D) Экономикалық шығындарды.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 61.
Жалпы ұсыныс функциясы:


A) Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі арасындағы қатынасты.
B) Ұсыныс көлемі мен табыстың арасындағы байланысты.
C) Ұсыныс көлемі мен шығынның арасындағы байланысты.
D) Ұсыныс көлемі оған әсер ететін факторлардың арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
E) А) және В) пунктері дұрыс.

$ 62.
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсыныс көлеміне әсер етпейді:


A) Сатылатын заттың бағасы
B) Өндіріс факторының бағасы.
C) Табыс көлемі.
D) Салық мөлшері.
E) Сатушылар саны.

$ 63.
Ұсыныс заңы бойынша:


A) Тауарға сұраныс ұсынысқа тәуелді.
B) Тауардың бағасы арзан болған сайын оны өндірушілер көп шығарғысы келеді.
C) Тауардың бағасы қымбаттаған сайын оны өндірушілер көп шығарғысы келеді.
D) Тауарды өндіру оның бағасына байланысты емес.
C) Тауардың бағасы қымбат болған сайын оны өндірушілер аз шығарады.
$ 64.
Студенттер асханасында бәліш 15 теңгеден сатылатын. Осы асханада пайдаланатын самсаның бағасы 25%- ке көтерілсе, онда:
A) Бәліштің бағасы төмендейді.
B) Сатылатын бәліштің көлемі көбейеді.
C) Сатылатын самсаның көлемі көбейеді.
D) Сатылатын бәліштің көлемі азаяды.
E) Тепе-теңдік баға қалыптасады.

$ 65. Х тауарын өндіруде пайдаланылатын материалдардың бағасы қымбаттады деп жорамалдайық, онда соның салдарынан осы тауарға деген:


A) Ұсыныс қисығы жоғары (солға) жылжиды.
B) Сұраныс қисығы жоғары (оңға) жылжиды.
C) Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы жоғары жылжиды.
D) Ұсыныс қисығы төмен (оңға) жылжиды.
E) Ұсыныс қисығы сұраныс қисығына тең болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет