Микроэкономика


Екінші бақылаудың соңы (6)



бет38/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Екінші бақылаудың соңы (6)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №3 (6)

1. Фирманың іс-әрекеті төмендегі көрсеткіштермен сипатталады: бұйымның бағасы 25 ақша бірлігіне тең, жалпы тұрақты шығындар 10000 ақша бірлігін құрайды, ал бір бұйымға кететін айнымалы шығындар 5 ақша бірлігіне тең. Фирманың пайдасы 1000 ақша бірлігіне тең болу үшін фирма шығынсыздық деңгейінен қанша данаға артық өндіруі керек?


А) 30 данаға;
В) 40 данаға;
С) 50 данаға;
D) 60 данаға;
Е) 70 данаға.

2. Ішкі шығындар:


А) бір рет қана төленіп, ешқандай жағдайда да қайтарып алу мүмкіндігі болмайтын шығындар;
В) экономикалық шығындар;
С) кәсіпорын меншігі болып табылатын ресурстарды пайдаланудың альтернативті шығындары;
D) тауар өндірісіне тікелей байланысты шығындар;
Е) өндірілген өнімнің өткізілуімен байланысты шығындар.

3. Егер белгілі бір өнім көлемін өндіру барысында ең болмағанда бір ресурс аз пайдаланылып, ал басқа ресурстар басқа тәсілдегіден көп пайдаланылмаса мұндай өндіру тәсілі:


A) экономикалық тиімді тәсіл;
B) технологиялық тиімді тәсіл;
C) Паретто бойынша тиімді тәсіл;
D) масштабтың тұрақты тиімділігі;
E) масштабтың өспелі тиімділігі.

4. Өндіріс көлеміне тәуелсіз:


А) жиынтық шығындар;
В) жалпы шығындар;
С) орташа тұрақты шығындар;
D) орташа жалпы шығындар;
Е) тұрақты шығындар.

5. Қосымша өнім бірлігін өндіргенде фирманың жиынтық шығындар өсуінің шамасы:


A) қайтарылмайтын шығындар
В) шекті шығындар
С) жалпы шығындар
D) сыртқы шығындар
Е) көзге көрінбейтін шығындар.
6. Берілген шығындар бойынша максималды нәтижені немесе минималды шығындар бойынша берілген нәтижені алу процесі:
А) оптимизация;
В) рационализация;
С) организация;
D) политизация;
Е) идеологизация.
7. Шекті өнімділіктің кему заңы көрсетеді:
А) шекті өнімнің қисығы он көлбеуде;
В) орташа өнімнің қисығы он көлбеуде;
С) шекті өнім анықталған белгіге дейін өседі, одан кейін төмендейді;
D) шекті өнім анықталған белгіге дейінкемиді, одан кейін өседі;
Е) айнымалы фактордың өсуіне байланысты жиынтық өнім өсу тенденциясын иеленеді.
8. Изокванта мынаны бейнелейдi:
А) жиынтық өнiмнiң қисығын;
В) өндiрiс функциясын;
С) берiлген ресурстар мөлшерiнде өндiруге мүмкiн болатын өнiмнiң әр түрлi көлемiн;
D) орташа өнiмнiң қисығын;
Е) шектi өнiмнiң қисығын.
9. Жалпы шығындарға мыналар кiредi:
A) тұрақты және айнымалы шығындар;
B) сыртқы және уақытша шығындар;
C) тұрақты және уақытша шығындар;
D) тұрақты және альтернативтi шығындар;
E) айнымалы және шектi шығындар.
10. Қарастырып отырған фирмада еңбек айнымалы, ал қалған факторлар – тұрақты делiк. Төмендегi кестеде осы фирманың өнiмдерi мен жұмысшыларының арасындағы байланыс бейнеленген:

Өнiм көлемi (дана)

0

40

90

126

150

165

180

Жұмысшылар саны адам

0

1

2

3

4

5

6

Шектi өнiм қай жұмысшыны жалдағанда төмендей бастайды:


А) 6 – жұмысшыны;
В) 4 – жұмысшыны;
С) 3 – жұмысшыны;
D) 2 – жұмысшыны;
Е) 1 – жұмысшыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет