Микроэкономикадан межелік бақылаудың соңы (5)
НҰСҚА №6
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №1 (6)
1. Әрбір экономикалық жүйелердің негізгі сұрақтары «нені, қалай және кім үшін» микро және макро деңгейде шешіледі. Бұл сұрақтардың қайсысы микроэкономикалық деңгейде қарастырылады:
В) нені және қандай көлемде өндіру керек екенiн;
С) инфляциядан қалай құтылу мүмкіндiгiн;
D) экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болатынын;
Е) жоғарыда аталғандардың барлығын.
2. Нарықтық экономикаға қайсысы жатпайды:
А) бәсекелестік;
В) орталықты жоспарлау;
С) жеке меншік;
D) кәсіпкерлік таңдаудағы еркіндік;
Е) сұраныс пен ұсыныс.
3. Ұсыныс артықшылығы:
А) бағаны көтереді;
В) бағаны төмендетеді;
С) бағаға әсер етпейді;
D) сатып алушыларды тауарды сатып алуға ынталандырады;
Е) сұранысты арттырады.
4. Қантқа деген сұраныс функциясы былайша берілген:
QD = 300 – P, мұндағы QD – бір күн ішіндегі қантқа деген сұраныс шамасы (кг), ал P – теңгемен берілген қанттың бағасы. Ұсыныс функциясы мынадай теңдеумен өрнектеледі: QS = 150 + 2P, мұндағы Qs – қанттың бір күнгі ұсыныс шамасы (кг). Қантқа деген тепе-тең көлемді және тепе-тең бағаны табыңыздар.
А) 50 және 250 сәйкесінше;
В) 60 және 250 сәйкесінше;
С) 40 және 270 сәйкесінше;
D) 20 және 90 сәйкесінше;
Е) 50 және 300 сәйкесінше.
5. Тауар бағасынан өзге факторлардың әсерінен ұсыныс қисығының өзгеруі:
A) сұраныстың өзгеруі;
В) ұсыныстың өзгеруі;
С) ұсыныс көлемінің өзгеруі;
D) ұсыныс шамасының өзгеруі;
Е) сұраныс шамасының өзгеруі.
6. Сұраныс заңының болжамы бойынша:
А) ұсыныстың өсуі сұранысқа қарағанда бағаның төмендеуіне әкеледі;
В) егер тұтынушылардың табысы өссе, олар әдетте көп тауар сатып алады;;
С) сұраныс қисығы оң көлбеу болып келеді;
D) тауардың бағасы түскен кезде, оған деген сұраныс көлесі артады;
Е) сұраныстың өсуі бағаның төмендеуін тудырады.
7. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:
А) кез келген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;
В) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір тауарды берілген бағамен сатып ала алу қаблеті;
С) берілген нарықтағы заттардың көлемі;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
E) анықтау мүмкін емес.
8. Егер телевизорға баға 30%-ке көтеріліп, ал сұраныс көлемі 32%-ке кемісе, онда сұраныс:
A) икемсіз;
B) икемді;
C) бірлік икемді;
D) мүлдем икемсіз;
E) өте икемді.
9. Тауар барлық талаптарға сай және қалыпты болады, егер:
A) тұтынушының табысы өскен сайын оның тұтыныс көлемі ұлғайса;
В) тұтынушының деңсаулығына зиянды болмаса;
С) осы тауардың бағасы төмендеген сайын оның көлемі өссе;
D) баға өссе де, тауардың бұрынғы көлемі сатып алынса;
Е) түрі жақсы болса.
10. Сұраныстың жанама икемділік коэфиценті мынадай қатынас арқылы анықталады:
А) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
В) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің В тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
С) А тауар бағасының пайыздық өзгерісінің В тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
D) А тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
Е) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі В тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен.
Достарыңызбен бөлісу: |