Сабақтың тақырыбы: «Құстардың туған жерге оралуы»



Дата10.10.2020
өлшемі25,76 Kb.
#64071
түріСабақ

Атырау қаласы

35 мектеп-гимназиясының



бастауыш сынып мұғалімі

Даулетьярова Каламкас
Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: «Құстардың туған жерге оралуы»



Мақсаты: білімділігі: өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгерісі жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: құстардың келуі, ұя салуы, тұқым өрбітуі жөнінде ой – өрістерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Жаңа білімді баяндау, сұрақ – жауап, СТО, БҮҮ кестесі.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, семантикалық карта, дидактикалық ойындар.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Психологиялық дайындық.

  • Екі көз не үшін керек?

  • Бір жақсылықты көру үшін.

  • Екі құлақ не үшін керек?

  • Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

  • Екі қол не үшін керек?

  • Елге көмек беру үшін.

  • Екі аяқ не үшін керек?

  • Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін.

  • Олай болса балалар, мен сендердің дендеріңе саулық тілеймін. Бәріміз бір – бірімізге тілек білдірейік.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Малды адам қалай бағып – күтеді?

  • Мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігін салыстыра кім әңгімелеп береді?

IV. Мағынаны тану

  • Қызығушылықты ояту

  • Балалар жазда өзен жағасына барып бөгелдім. Айналаға қарап таң тамаша болдым.

  • Кім айтады балалар, мен не көрдім?

  • Балалар: тау, өзен, ағаштар, гүлдер, ұшқыш құстар т.б.

  • Өте жақсы балалар бізді қоршаған орта табиғатты көрген екенмін ғой. Ендеше біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы әңгімелейміз.

БҮҮ кестесі

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

Тірі табиғат ұшады, қанаты бар, жұмыртқалайды. Адамға пайдалы, үй құсы, жабайы құстар.







Оқулықпен жұмыс:

  1. Мәтінді оқу ( мұғалім)

  2. Тізбектеп оқу (оқушылар)

Сөздік жұмысы

  1. Дамыл таппайды – тыным таппайды.

  2. Дернәсілі – жәндіктер мен жануарлардың жұмыртқадан жарып шыққан әлі есеймеген баласы.

(Осы арада БҮҮ кестесінің екінші бағанын толтырылады)

Сергіту сәті:



Топтық жұмыс:

1 – топ 2 – топ 3 – топ

Құстар туралы Құстар жайлы «Құстар біздің досымыз»

тақпақтар айту жұмбақтар айту әңгіме құрап айту.

Семантикалық картамен жұмыс

Құстар

Қыстап қалатын құстар

Жыл құстары

Сауысқан

Қарға


Қараторғай

Тырна


Көкек







осы арада БҮҮ кестесінің 3-ші бағаны толтырылады

Қорытынды:


  • Балалар, бүгінгі сабағымыз жақсы, қызықты өтті ме?

  • Көңілді, қызықты болған соң сондықтан оны күнге теңесем қалай болар екен?

  • Келістік.

  • мынау күн. Енді күнге не жетпей тұр?

  • сәулесі

  • Оны балалар, өздерің жасайсыңдар.

  1. Қандай тақырыппен таныстық?

  2. Көктемде құстар қай жақтан оралады?

  3. Ол жаққа қашан, неліктен кеткен еді?

  4. Құстар балапандарына қандай қамқорлық көрсетеді екен?

(Осы арада БҮҮ кестесінің үшінші бағанын толтыру).

V. Үйге тапсырма

99 – 100 бет мазмұнын әңгімелеу.

Құстың суретін салу.

VІ. Бағалау.

Сабақты өлеңмен аяқтау.

Орманға бара жатқандар,

Тіршілік нәрін татқандар.

Өтінем түгел бәріңнен,

Көктемді құсты атпаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет