Сабақтың түрі: Ашық сабақ Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 2



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі337,84 Kb.
#21540
түріСабақ
  1   2   3


Алматы облысы Талдықорған қаласы

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-

гимназиясы мектепке дейінгі шағын

орталығымен» мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Шаужанова Нұржанат Балатұрсынқызы

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі.......

Сыныбы: 2 « А »сынып

Сабақтың тақырыбы : Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні

..........................................................

Сабақтың тақырыбы : Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні.

Сабақтың мақсаты : 1.Мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды

кеңейту,еске түсіру.Сипаттау мәтінін ажырата

білуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырма -

лар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте

сақтау ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.


3. Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылық-

қа ,сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі : жаңа білім

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру,СТО әдістері,көрнекілік,талдау.

Пәнаралық

байланыс : дүниетану,әдебиет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі

1.1Сабаққа назарларларын аудару.

Балалар ,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр.Себебі , біздің сабағымыз күндегідей емес,интерактивті тақтаны пайдалана отырып,

келген қонақтарға өз білімімізді , тәртібімізді көрсете білейік.

Олай болса, балалар сабағымызға сәттілік тілей отырып,өлең шумағынан

бастайық.
1.2. Психологиялық дайындық.

Мен оқушы баламын,

Оқу ,білім аламын.

Мәтін түрін игеріп,

Сабақта белсенді боламын.

Ендеше,отырыңдар. Әр ісімізге мұқият болайық.
II.Қызығушылықты ояту.
2.1Миға шабуыл (жедел сұрақ )

Ендеше, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік.Ол үшін менің сұрақтарыма жауап берулерің керек.

2.2 Топтастыру

.

-Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? (Мәтін )

-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )

-Мәтін деген не ? ( Жазбаша , ауызша ойды жеткізу )

-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )

-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға ,мазмұнына )

-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтін құрайды )

-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ,Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады )

-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі, соңы )

-Әр бөлік қалай жазылады? ( Абзацтан және жаңа жолдан басталып

жазылады.)

-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу, сипаттау,пайымдау )

-Әңгімелеу мәтіні деген не?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет